ЕЦ-166/5 мекемесінде Абай Құнанбайұлының күні

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Аршалы кентінде орналасқан ЕЦ-166/5 мекемесінде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан сотталғандар арасында Абай күні қарсаңында, Қазақтың ұлы ақыны, қазақ әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы филосов, аумардамашы Абай Құнанбайұлының күні атап өтілді. Мекеменің әр жасағынан сотталғандар Абай Құнанбайұлының керемет өлеңдерінен оқыды. Сонымен қатар Абай Құнанбайұлы туралы Мұхтар Әуезов жазып шығарған әлемге танымал әйгілі «Абай жолы» туындысынан үзінді оқылды. Сотталғандар қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы мектеп қабырғасынан білетін естелік әңгімелерімен бөлісті.