Логотип МВД РК

Меню

Страницы

Статья

Мәжіліс депутаттары елордалық тергеу изоляторында болды.

2025 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттарының өңірлерге шығып, сайлаушылармен кездесу аясында депутаттар Снежана Имашева мен Магеррам Магеррамов Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің №64 мекемесінде болды.
 
Сапардың мақсаты – мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылығымен және қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастыру, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жұмыс және ұстау жағдайларымен танысу.
 
Кездесу барысында депутаттар ұстау камераларын, медициналық пунктті, асхананы және монша-кір жуу кешенін аралады. Парламент мүшелері ұсталушылардың жағдайына, тамақ сапасына және медициналық қызмет көрсетуге оң баға берді. Сонымен қатар, мекемедегі жұмыс ұйымдастырудың тәртібі ерекше атап өтілді.
 
Мекеме басшылығы депутаттарға қазіргі қызмет туралы ақпарат беріп, құқықтық реттеу, кадр әлеуетімен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық жабдықтау және басқа да бағыттардағы өзекті мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, заңнамалық деңгейде назар аударуды және шешімді талап ететін ұсыныстар айтылды.
 
Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі – тергеу изоляторының шектен тыс толтырылуы. Мекеме 600 адамға арналған, алайда 2023 жылдан бері мұнда ұсталатын адамдар саны 800-ге дейін жеткен.
 
Осы жағдайды ескере отырып, сыйымдылығы екі есе көп жаңа тергеу изоляторын салу – күн тәртібіндегі өткір мәселе болып отыр.
 
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 23 маусымда өткен Құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп, 15 гектар жер телімі бөлінген. Бұл жерге 1200 орынға арналған, инфрақұрылымы дамыған жаңа тергеу изоляторы салу жоспарланған.
 
Қазіргі таңда әкімдік тарапынан жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаржы бөлінді. Дегенмен, негізгі мәселе – құрылыс жұмыстарына қажетті қаржыландыруды бөлу болып отыр.
Осыған байланысты Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті мен ҚАЖ Комитетінің басшылығы бұл мәселені ел басшылығының алдына шығару үшін депутаттардан қолдау сұрады.

Депутаттар мундай кездесулердін Парламент жумысынын манызды белігі екенін атап отті.

Олар тек когам мен кылмыстык-аткару

жуйесінін арасындары сенімді ны айтып кана

коймай, сондай-ак соттал андарды кайта

алеуметтендіру маселесіне зділетті эрі

жауапты козкарасты калыптастыруга ыкпал

етеді.

Кездесу сонында депутаттар мекеме

кызметкерлеріне адал кызметтері ушін алтыс білдіріп, алдаты касіби кызметтеріне табыс тіледі.

Дата публикации
17 июля 2025
Дата обновления
22 августа 2025
Тип

Сейчас читают

Мониторинг
22 декабря 2025
Учебно-тренировочное занятие для операторов ситуационного центра
Газета
22 декабря 2025
Благотворительное мероприятие для детей
Периодическое СМИ
23 октября 2025
«Тарихтың сақтаушысы, рухтың тәрбиешісі»: Астанада Қылмыстық-атқару жүйесінің мұражайы ашылды.

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы