
2025 жыл ІІМ-де алдын алу жылы болып жарияланды. 10 ақпаннан 23 ақпанға дейін республика аумағында жедел-профилактикалық іс-шаралар есепке алынады.
Еңбек адамды дәріптейді және оның табысты әлеуметтенуінің жеке басының дамуына ықпал ететін факторлардың бірі болып табылады.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 10 ақпаны күні жергілікті полиция қызметі Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімінің аппаратымен және "Ақтөбе қаласының мансап орталығы" филиалымен бірлесіп ұйымдастырған жалпықалалық "Бос орындар жәрмеңкесі" өтті.
Сотталғандарды тиімді бейімдеу және толыққанды оңалту мақсатында Ақтөбе қаласы Астана ауданының пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарды жіберді. Барлық тұлғалар жұмысқа ұсыныстар мен жолдамалар алумен қатар, сонымен бірге жарқын болашаққа үміттері арта түсті.