Логотип МВД РК

Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысында сотталғандар қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтті

ҚР ІІМ «ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандарды кәсіптік оқытуда жетілдіру (қысқа мерзімді курстар)» жұмыстары аясында, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті №9 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіндегі жаза өтеуші бес тұлға қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтті. ҚР ҚАК 119 бабына сәйкес «Актобе Рем Строй Вентиляция» ЖШС және «Караван Экспресс» ЖШС кәсіпорындарына ақылы жұмысқа орналастырылған сотталғандар білімдерін жаңартып, арнайы сертификаттарын алды.
- Бірінші жұмыс беруші үш сотталғанды – «Желдету және ауаны баптау жүйелерін жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь» курсы бойынша оқытып, сертификаттарын берді. Ал аталған екінші ЖШС екі сотталғанның әрқайсысын екі бағытта оқытты, олардың біріншісі «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» және «Жүк ілдіруші» бағытында білім алса, екінші сотталған «Арнайы медициналық білімі жоқ тұлғаларға алғашқы медициналық көмек көрсету (парамедик)» және «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бағытында, яғни әрқайсысына қос-қостан куәліктері табысталды, - деді ҚАЖД №9 мекемесінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Айғаным Сапарғалиқызы Жетмекова.

Дата публикации
11 февраля 2025
Дата обновления
11 февраля 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

Объявление
08 октября 2026
Объявление о проведении внеплановой аттестации
Объявление
29 июня 2026
Объявление о проведении внеплановой аттестации
Объявление
12 мая 2026
Объявление о проведении внеплановой аттестации

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы