Темір тордың артындағы гендер пати

Темір тордың артындағы -Гендер пати : ШҚО ҚАЖД ОВ 156/6 қауіпсіздігі ең жоғары мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталған баласының жынысын ерекше түрде анықтап білді.
Баланың жынысын анықтаудың ерекше тәсілін сотталғанның әйелі таңдады , оның жұбайы ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 қауіпсіздігі ең жоғары мекемесінде жазасын темір тордың ар жағында өтеп жатыр.
"Біз отбасының жаңа мүшесін күтеміз, баланың жынысын анықтау болашақ ата-аналар үшін әрқашан қызықты және маңызды оқиға ,мен жұбайыма ерекше тосын сый жасағым келді, екеуіміз әлі білмедік, бізде кім болатынын ,ұл бала? немесе қыз екенін? "- дейді 10 жылға бас бостандығынан айырылған Андрейдің әйелі (есімі өзг).
Даша (есімі өзг.) және Андрей (есімі өзг.) жеті жастарында 1-сыныпқа келген соң кездейсоқ кездесті. Мектепте бірнеше жылдан соң Андрей ерік жігер жинап, сүйіктісіне өзінің сезімдерін мойындаған.Ол өзінің сезімдерін жазған хатты жас қызға берді. Ол кезде олар 12 жаста еді. 6-сыныптан бастап олар бірге уақыт өткізе бастады –олар серуендеп, киноға бірге барып уақыттарын бірге өткізіп жүрген, ал 8-ші сыныпта олар бір партаға отырды. Дашаның айтуынша сыныптастарының ешқайсысы жас жұпты ренжітпегенін немесе мазаламағанын ,бәрі олардың қарым-қатынасына өте құрметпен және мұқият қарағанын есіне алады. 11-сынып олардың болашақ отбасылық өмірінде маңызды рөл атқарған-содан кейін жасөспірімдер міндетті түрде үйленеміз деп шешкен, бірақ тағдыр басқаша шешілді, Андрей көрші қызға қолдау көрсетіп,әйелін үнемі ұрып-соғып жүрген мас көршісін кездейсоқ өлтіріп алған.Ол жас әйелді қорғау үшін,көршісіне абайсызда пышақ салып өлтіріп алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылғанын айтып өтті.
Ал ерлі-зайыптылар үшін барлық армандар бір сәтте құлады. Бірақ махаббат өлмейді,қазіргі уақытта ғашықтар мекеменің ұзақ кездесу бөлмесінде кездесіп жүреді. Даша жиі келіп, күйеуін көріп тұрады. Екеуі де бала туылғаннан кейін және 1 жасқа толғанша бірге боламыз деп қатты үміттенуде. Андрей қазіргі уақытта шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға өтініш бергісі келеді, өйткені ол мерзімінің жартысын өтеп болғанын айтты.
"Бұл өте эмоционалды және әсерлі көрініс, әсіресе туыстарым алыс болған кезде, жұбайым маған осы шараны ұйымдастыруды ұсынған кезде ,мен қобалжып, не жауап беретінімді білмедім ,өйткені мен темір тордың артындамын ғой деп сотталған өз ойын жеткізді. Мен мекеме әкімшілігі әйеліме осындай шараны өткізуге рұқсат беретінін білмедім, бірақ бақытымызға орай Мен осындай тосын сыйды көрдім және сезіндім, мен мекеме әкімшілігіне ризамын, олар осы шараны ұйымдастыруға ықпал етті, болашақта мен әлі де осындай іс-шараға талай қатысамын деп үміттенемін және әйелім екеуміз көп бала сүйеміз деп ойлаймын- деді сотталған.
Естеріңізге сала кетейік , жазасын өтеп жатқан сотталғандар ҚР ҚАК 106-бабына сәйкес қысқа және ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
мекеме аумағында сотталғанның немесе кездесуге келген адамның жазбаша өтініші бойынша ,кейбір жағдайда кездесу ұзақтығы қысқартылуы мүмкін. Қазіргі уақытта елдегі коронавирустық инфекция бойынша жағдай тұрақты болып табылады және еліміздің пенитенциарлық мекемелеріндегі сотталғандармен кездесу ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қайта жаңғыртылды және теріс ПТР тесті кезінде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, штаттық режимде жүргізілуде.