Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті,
070013, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,
Леваневский көшесі, 21,
анықтамалар үшін телефон/факс: 8(7232) 57-61-58, 70-02-96, 70-18-94,
электрондық мекенжай da.zhapalov@mvd.gov.kz
бос ішкі істер органдарының, кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау
Лауазымдық нұсқаулықтары:
- Пробация қызметінің қызметін реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сай сот қаулыларын, үкімдерін уақытылы және сапалы орындайды.
- Мекемедегі сотталғандарды босатуға дайындау кезеңінде, өзара іс-әрекет ететін барлық мемлекеттік органдармен әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласында, сол сияқты сотқа дейінгі пробацияны атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғары, арнайы-орта (заңтану, құқық қорғау қызметі, құқықтану, психология, педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, әлеуметтану, филология, әлеуметтік жұмыс;), жасы отыз бес жасқа дейін.
* Сонымен қатар Заңдарды және нормативті құқықтық актілерді білу.
Лауазымдық нұсқаулықтары:
Мезгілінен бұрын шартты түрде бұрын босатылатын, кешірім алған, басқа да бас бостандығынан айыру жазасын алмастыратын түріне көшірілген сотталғандардың мінездемелерін жасайды.
Жасақ бастығы сотталғанның жеке басын зерттеу мақсатында жеке-тәрбиелiк әңгiмелер жүргізеді, сотталғанның одан әрi жазаны өтеу ниетiн анықтайды және алынған мәлiметтердi ЖТЖ күнделiгiне жазады.
Сотталғанның жеке басын жан-жақты зерделейді және тәрбиелік ықпал етуді жағымды қабылдауға және қоршаған ортаның жағымсыз ықпалын теріске шығаруға психологиялық дайындық дәрежесін анықтайды.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: Білімі жоғары (құқықтану; құқық қорғау қызметі; психология; педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, тарих, әлеуметтану, мәдениеттану, филология, әлеуметтік жұмыс, алғашқы әскери дайындық, денешынықтыру және спорт), жасы отыз бес жасқа дейін, әскери қызметте бір жылдан кем емес қызмет өтілі болу қажет.
* Сонымен қатар Заңдарды және нормативті құқықтық актілерді білу.
Лауазымдық нұсқаулықтары:
Белгіленген өткізу тәптібін сақтауды қамтамасыз етеді.
Тексеруді тексерілетіндерімен бір жынысты адаммен өткізеді.
Тексеруді портативтік теміралауғыш қондырғысын қолданумен өткізеді.
Мекеменің күзетілетін аумағына кіру үшін қызметкерлерге және өзге де адамдарға тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарын беруін өткізеді.
Бақылап өткізу орнында қарау-тексеру жұмыстарын жүзеге асырады.
Мекеменің бейнебақылау жүйесінің, рентгенқұрылғының, ұялы телефондар дабылдарын тексеру және бейне регистраторларды бақылау жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды.
Радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, оларды мекемеге пайдалану бойынша белгіленген тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта, арнайы орта, отыз бес жасқа дейінгі.
Лауазымдық нұсқаулықтары:
Байқап өту арқылы өтетін транспорт пен жүктің, адамдардың өту тәртібінің қатаң ұсталуын, сол сияқты тексеру тобының жеке құрамының міндеттерін толық және нақты атқаруын бақылайды және қамтамасыз етеді.
Бекітілген өткізу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Өзара әрекеттесетін қарауылмен, мекеме бастығының кезекші көмекшісімен тығыз байланыста болады, қажеттілігіне қарай оларға күзет жоспарына сай көмек көрсетеді, қадағалауды жандандыру мәселелері бойынша мекеменің басқа қызметтерімен өзара әрекет жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта, арнайы орта, отыз бес жасқа дейінгі.
Лауазымдық нұсқаулықтары:
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта, жасы отыз бес жасқа дейін.
* Сонымен қатар Заңдарды және нормативті құқықтық актілерді білу.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта, арнайы орта, отыз бес жасқа дейінгі.
Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау орыны: ШҚО Өскемен қаласы Леваневский көшесі 21, кабинет 100.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру) өздерiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.
*Орта басшы құрам, яғни пробация қызметінің инспекторлары үшін: мемлекеттік тілді білу тестілерін және нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы», «Ішкі істер органдары туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасы қылмыстық – процессуалды кодексі, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексі және басқа кәсіби қызметке байланысты нормативтік құқықтық актілер туралы білу тестілерін қамтиды.
*Кіші басшы құрам, яғни бақылаушылар үшін: заңнамаларды білуге тестілерді тапсырмайды.
* Для среднего начальствующего состава: включает для себя тест на знание государственного языка и тесты на знание нормативных законодательных актов: Конституции Республики Казахстан, Законы Республики Казахстан «О правоохранительной службе», «О противодействии коррупции», «Об органах внутренних дел», Этический кодекс государственных служащих РК, Уголовный кодекс РК, Уголовно-процессуальный кодекс РК, Кодекс РК «Об административных правонарушениях», других нормативных правовых актов, связанных с профессиональной деятельностью.
* Для младшего начальствующего состава т.е. контролеры: тесты на знание законодательства не сдают.