Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті,
070013, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,
Леваневский көшесі, 21,
анықтамалар үшін телефон/факс: 8(7232) 57-61-58, 70-02-96, 70-18-94,
электрондық мекенжай da.zhapalov@mvd.gov.kz
бос ішкі істер органдарының, кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау
1. Риддер қалалық пробация қызметінің инспекторы (С-SVR-8) – 1 бірлік. Орналасқан жері: ШҚО, Риддер қаласы.
2. №1 Алтай аудандық пробация қызметі бөлімінің ЮӘТ инспекторы (С-SVR-8) – 1 бірлік. Орналасқан жері: ШҚО, Алтай қаласы.
Лауазымдық нұсқаулықтары:
- Пробация қызметінің қызметін реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сай сот қаулыларын, үкімдерін уақытылы және сапалы орындайды.
- Мекемедегі сотталғандарды босатуға дайындау кезеңінде, өзара іс-әрекет ететін барлық мемлекеттік органдармен әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласында, сол сияқты сотқа дейінгі пробацияны атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғары, арнайы-орта (заңтану, құқық қорғау қызметі, құқықтану, психология, педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, әлеуметтану, филология, әлеуметтік жұмыс;), жасы отыз бес жасқа дейін.
* Сонымен қатар Заңдарды және нормативті құқықтық актілерді білу.
3. №18 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша бөлімшесінің аға инспекторы (С- SGU-12) – 1 бірлік. – ШҚО Шемонаиха қаласы.
РМК «Енбек-Оскемен» және ЖШС, ЖК орындарына жұмылдырылған ақылы жұмыс істейтін сотталғандардың еңбегін пайдалану жөнінде есеп жүргізу және ай сайынғы төлем ақысын қадағалау.
Мекеме аумағында шаруашылық қызмет атқаратын сотталғандардың еңбек келісім шартын ұйымдастыру, және еңбек келісім шартын қадағалау.
Мекеме аумағында шаруашылық қызмет атқаратын сотталғандардың бұйрықтарын тағайындау (қабылдау, жұмыстан босату, кезекті еңбек демалысын ұсыну).
Мекеме аумағында шаруашылық қызмет атқаратын сотталғандардың ҚР ЕК және ҚАК- ға негіздей отырып еңбек ақы төлемін қадағалау.
Әртүрлі меншік ұйымдарына коммерциялық ұсыныстармен хаттар дайындау және жолдау.
4. №73 мекемесінің тәртіп және күзет бөлімінің бақылаушысы (С-SV-13) – 12 бірлік. – ШҚО Өскемен қаласы.
5. №24 мекемесінің бақылаушылар қызметі бөлімінің тұрғын аймақ бойынша бақылаушысы (С-SV-13) – 3 бірлік. Орналасқан жері: ШҚО Өскемен қаласы.
6. №22 мекемесінің тәртіп бөлімінің тексеру тобының бақылаушысы (С-SV-13) – 1 бірлік. – ШҚО Өскемен қаласы.
Лауазымдық нұсқаулықтары:
Байқап өту арқылы өтетін транспорт пен жүктің, адамдардың өту тәртібінің қатаң ұсталуын, сол сияқты тексеру тобының жеке құрамының міндеттерін толық және нақты атқаруын бақылайды және қамтамасыз етеді.
Бекітілген өткізу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Өзара әрекеттесетін қарауылмен, мекеме бастығының кезекші көмекшісімен тығыз байланыста болады, қажеттілігіне қарай оларға күзет жоспарына сай көмек көрсетеді, қадағалауды жандандыру мәселелері бойынша мекеменің басқа қызметтерімен өзара әрекет жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта, арнайы орта, отыз бес жасқа дейінгі.
7. №18 мекемесінің тәртіп бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобының бақылаушысы (С-SV-13) – 1 бірлік. – ШҚО, Шемонаиха ауданы Половинка ауылы.
Лауазымдық нұсқаулықтары:
Белгіленген өткізу тәптібін сақтауды қамтамасыз етеді.
Тексеруді тексерілетіндерімен бір жынысты адаммен өткізеді.
Тексеруді портативтік теміралауғыш қондырғысын қолданумен өткізеді.
Мекеменің күзетілетін аумағына кіру үшін қызметкерлерге және өзге де адамдарға тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарын беруін өткізеді.
Бақылап өткізу орнында қарау-тексеру жұмыстарын жүзеге асырады.
Мекеменің бейнебақылау жүйесінің, рентгенқұрылғының, ұялы телефондар дабылдарын тексеру және бейне регистраторларды бақылау жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды.
Радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, оларды мекемеге пайдалану бойынша белгіленген тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта, арнайы орта, отыз бес жасқа дейінгі.
8. №18 мекемесінің ведомстволық өрт күзетінің аға өрт сөндірушісі (С-SV-12) – 1 бірлік. Орналасқан жері: ШҚО, Өскемен қаласы.
Міндеттері:
Өртке қарсы режимді сақтауды бақылайды.
Әскери емес ерікті өрт сөндірушілер бірлестігіндегі мүшелерді оқытуға қатысады.
Келісіп бекітілген тізбе бойынша жұмыс аяқталған соң цехтарды, бөлімдерді, учаскелерді және қоймаларды жаппай тұрып олардың өртке қарсы жағдайларын тексеруге.
Өрт сөндіретін құралдарды жөндеуге және қолдануға болатындығын тексеру.
Байланыстармен өрт сөндіретін құралдарды қолдану тәртібін өрт қауіпсіздік ережесінің талаптарын жұмысшылар мен сотталғандарға түсіндіру.
Өрт қауіпсіздіктерін бұзған адамдарды жауаптылыққа тартуды, цехтардың басшыларының алдына қою.
Өрт сөндіру жүйесінде болған өзгерістерді, су жүйелерінде болған өзгерістерді мекеме басшысына хабарлау. Сондай-ақ жолдардың өзгеруі туралы агрегаттармен механизмдерддің істен шығуы туралы мекеме басшысына хабарлау.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта, арнайы орта, отыз бес жасқа дейінгі.
Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау орыны: ШҚО Өскемен қаласы Леваневский көшесі 21, кабинет 100.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру) өздерiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.
*Орта басшы құрам, яғни пробация қызметінің инспекторлары үшін: мемлекеттік тілді білу тестілерін және нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы», «Ішкі істер органдары туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасы қылмыстық – процессуалды кодексі, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексі және басқа кәсіби қызметке байланысты нормативтік құқықтық актілер туралы білу тестілерін қамтиды.
*Кіші басшы құрам, яғни бақылаушылар үшін: заңнамаларды білуге тестілерді тапсырмайды.