Бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын сотталғандарға уақтылы және сапалы әлеуметтік көмек көрсету

бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын сотталғандарға уақтылы және сапалы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтардың еңбек және тұрмыстық орналасуы бойынша, Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай №28 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы өткізілді.
Сол жобаны жүзеге асыру мақсатында, №28 мекемесінде жазасын өтеген ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлімімен 1 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылған сотталған Р.Искиндиров, 27.08.2024 жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылуына байланысты босатылды. Жобаға Орал қалалық пробация қызметінің әділет кіші лейтенанты Марат Мұратұлы Мұратов, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығының» әлеуметтік мәселер бойынша маманы Арайлым Шынтемировна Шынтемирова, БҚО әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығының» маманы Алия Амангельдиевна Кунабаева белсене қатысты. Шара барысында сотталғанға алдағы уақытта тұрмыстық және еңбекке орналастыру бойынша толық түсініктер беріліп, өмірге жаңа қадамына бейімделуіне қандай жағдайлар туғызылатындығын атап көрсетілді, Пробация қызметіне қатысты жұмыстар, есепке алу шаралары, ережелері түсіндірілді.
Бүгінгі аталған шарадан бостандыққа шыққан әрбір сотталғанға жаңа өмірге бейімделуіне улкен көмегі бар.