Волейболдан сотталғандар арасында турнир өтті

Құрбан айт мерекесіне орай БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің РУ-170/3 мекемесінде Батыс Қазақстан облысы бойынша жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп, мекемеде жазасын өтеп жатқан жас сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті.
Сотталғандар арасындағы турнир ашық ауада өтті. Волейболдан үздік атану үшін бірнеше отрядтар қатысты.
Мекеменің спорт алаңында бәсекелестік рухы, құмарлық, жеңіске деген құштарлық және спорттық іс-шарадан ұмытылмас әсер қалдырды. Сотталғандар үшін бұл тәжірибе, эмоциялармен жұмыс, өзінің жақсы жақтарын көрсете білу және әрине марапатқа ие болу.
Жарысқа түрлі отрядтардан сотталғандар қатысты. Жарыстың мақсаты - сотталғандарды спорттық жарыстарға тарту, сотталғандардың негізгі бөлігін мекеменің қоғамдық өміріне қатысуға тарту, құқыққа бағынушылық мінез – құлықты ынталандыру, сотталғандар арасында деструктивті мінез-құлық пен төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады, - дейді БҚО бойынша ҚАЖД бастығы Азамат Ізтілеуов.
Мұндай ойындар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Сотталғандар арасындағы жарыстар, турнирлер мен конкурстар салауатты өмір салтын бірінші жылдан бері насихаттап келеді.
Сотталғандардың спорттық іс-шарадан жағымды және қуанышты әсерлері болды. Жарыс қорытындысы бойынша ешкім марапатсыз қалған жоқ.