Жағажай волейболынан өткен жарыс

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Жаңақала аудандық ресурстық орталығының бастамасымен бірлескен жоспар негізінде Жаңақала аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар мен ерікті волонтёрлардың қатысуымен жағажай волейболынан жарыс ұйымдастырылды.
Жарысқа Маштексай, Жаңажол, Жаңақала ауылында тұратын сотталғандар қатысты. Жарыс жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, жарыс қорытындысында Жаңақала ауылы командасы жүлделі І орынды, Маштексай ауылы командасы ІІ орынды, Жаңажол ауылы командасы ІІІ орынды алып бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.