Сотталғандар Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтті

Біздің мемлекетіміздің этносаралық саладағы саясаты "Әралуандықтағы бірлік" қағидатына негізделген. Қазіргі заманғы тәуелсіз Қазақстанның келбетін өкілдері өздерін қазақстандық деп атайтын барлық 130 этнос қалыптастырады. Бұл – біздің байлығымыз. Әр түрлі мәдениеттер мен тілдердің тасымалдаушылары, біз бәріміз – қазақстандық жердің баласымыз, оған деген сүйіспеншілік бізді біріктіреді.
Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында РУ-170/2 мекемесінің теологтары мен психологтары тәрбие іс-шарасын өткізді, онда сотталғандар Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихымен және қызметімен, сондай-ақ елімізде тұратын халықтардың ұлттық салт-дәстүрлерімен танысты.