2025 жылғы 29 маусым күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Ұлттық Домбыра күніне арналған ауқымды мәдени іс-шара өткізді.

Жарияланған күні: 30 маусым 2025

Мерекелік шараның мақсаты – халқымыздың рухани мұрасы саналатын киелі домбыраның маңызын насихаттау, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру, қызметкерлердің патриоттық рухын көтеру болды.

 

Іс-шара барысында департамент қызметкерлері күй тартып, халық әндерін орындап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық аспаптардың тарихына шолу жасалып, жас қызметкерлерге домбыраның тәрбиелік мәні түсіндірілді.

 

Домбыра – тек музыка құралы емес, ол – ұлттың болмысы, тарихы мен мәдениетінің айғағы. Осындай іс-шаралар қызметкерлердің бірлігін арттырып, ұлттық рухты нығайтуға септігін тигізеді.

 

Ұлттық Домбыра күні – ұлы дәстүрімізді ұлықтап, келер ұрпаққа жеткізетін маңызды мереке.