Қаза тапқан ІІО қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі
Құрмет пен қайғыға толы салтанатты жағдайда №27 мекеме аумағында орналасқан, қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің және оған бағынысты мекемелердің басшылары, сондай-ақ ардагерлер қатысты.
Шара қаза тапқан азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Олар – қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында өз өмірін қиғандар. Мемлекеттік әнұран орындалғаннан кейін, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
№27 мекеменің бастығы, әділет подполковнигі Хайруллин А.Е. өз сөзінде ІІО қызметкерлерінің ерлігі – батырлықтың, жанқиярлықтың және антына адалдықтың үлгісі екенін атап өтті. Олардың жарқын бейнесі әріптестерінің, жақындарының және ел қауіпсіздігін қадір тұтатын барлық азаматтардың жүрегінде мәңгі сақталады.