21 маусым — Қазақстанда кинологтар күні ретінде атап өтіледі.

Жарияланған күні: 23 маусым 2025

Кинолог — бұл иттердің мінез-құлқын, тәрбиесін және оларды түрлі қызметтерге бейімдеуді зерттейтін және іске асыратын маман.

 

Қылмыстық атқару жүйесіндегі кинолог — ішкі тәртіпті сақтау мақсатында тиым салынған заттардың, атап айтсақ ұялы телефон, дене жарақатын келтіретін, есірткі, қару-жарақ, жарылғыш заттар және басқа да қауіпті заттардың мекеме аумағына енбеуінің алдын алу үшін қызмет атқаруда.

 

                Осы орайда, әділет сержанты Виктор Николаевич Суглов №74 мекемесінің кинолог маманы ретінде өз ісіне өте жауапкершілікпен қарап мамандықтың қыр-сырын меңгергенін айта кетуге болады.

 

Тергеу изоляторында қазіргі таңда 5 қызметтік ит бар. Мысалға «Альфа» атты 2017 жылы дүниеге келген қызметтік ит 2018 жылы Алматы қаласында орналсқан ҚР ІІМ Кинология оқу-жаттығу орталығынан арнайы дайындықтан өткен.

 

«Альфа» қызметтік ит мекеме аумағын күзетіп, сотталғандардың қашуын болдырмау үшін қызметкерлермен бірге ат салысуда. Нәтижесінде мекеме аумағынан қашу фактісі орын алған жоқ.

 

Түрмелердегі кинологтар арнайы дайындықтан өтетін мамандар, олар иттермен бірге өте маңызды тапсырмаларды орындап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.