Логотип МВД РК

Меню

Страницы

Статья

Қостанай облысында ер адам сотталған танысына тыйым салынған заттарды жеткізбек болған

ҚР ІІМ ҚАЖК “№38 мекеме” РММ кезекші тобы ҚР ҰҰ №6697 қарауылымен бірлесіп, тыйым салынған заттарды негізгі қоршау арқылы тасымалдау әрекетінің алдын алды. Аймақты зерттеу кезінде таспамен оралған қара түсті байлам табылды. Тәркіленген затты тексеру барысында: екі SIM-карта, телефон, USB адаптері бар 64 ГБ микрофлеш-карта, бір жұп ақ түсті сымды құлаққап және қуаттағыш құрылғы табылды. ҚР ІІМ ҚАЖК “№38 мекеме” РММ аумағына тыйым салынған заттарды тасымалдаудың алдын алу әрекеті фактісі бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары және бейнебақылау жүйесінің мониторингі барысында мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері Қостанай облысы ПД қызметкерлерімен бірлесіп аталған заң бұзушылықты жасаған азаматты және оның көлігін анықтады. А. есімді азамат тыйым салынған заттар осы мекемеде жазасын өтеп жатқан өзінің танысына арналғанын айтты. Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты оны әкімшілік жауапкершілікке тарту және мемлекет кірісіне алынған мүлікті тәркілеу туралы шешім шығарды.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qostanaj-oblysynda-er-adam-sottalghan-tanysyna-tyjym-salynghan-zattardy-zhetkizbek-bolghan/

Дата публикации
03 августа 2024
Дата обновления
03 августа 2024
Тип
Периодическое СМИ

Сейчас читают

Для СМИ
16 февраля 2026
Встреча с ветераном
Периодическое СМИ
06 февраля 2025
Қостанай академиясы мен ҚАЖД қызметкерлері жастарға кәсіптік бағдар берді Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында
СМИ о нас
13 августа 2024
Арқалық қаласының №41 мекемесінде «Керуен» тігін жеке кәсіпкері іске қосылды

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы