Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орындары арасында резидентурада медицина кадрларын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орындары арасында резидентурада медицина кадрларын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

 

Конкурстың мәні: 2021-2022 оқу жылына резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Конкурсты ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Конкурс туралы ақпарат: Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 270/2020 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 15 желтоқсанда № 21802 болып тіркелді) сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) осы хабарландырудың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінім;

2) осы хабарландырудың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша сауалнама;

3) осы хабарландырудың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан ақпараттық карта;

4) осы хабарландыруға 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсыныстары.

Білім беру ұйымдары ұсынған ақпараттық карталардың көрсеткіштері бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда Комиссия білім беру ұйымының ақпараттық картасында көрсетілген растау құжаттарын сұратады.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, білім беру ұйымының бірінші басшысы оған қол қояды, мөрмен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен 2021 жылғы 5 ақпанға дейін ұсынылады.

Мекенжай: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел 8 даңғылы, Министрліктер үйі,5 кіреберіс

Байланыс телефон: 74 32 39

 

Дата публикации
27 января 2021
Дата обновления
27 января 2021
Тип
Объявление

Сейчас читают

Информация
05 августа 2026
Меры государственной поддержки частного предпринимательства
Информация
01 июля 2026
Сведения, подлежащие публикации о системах искусственного интеллекта высокой степени риска
Объявление
05 июня 2026
Публичные слушания

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы