Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі С.Құрбанбеков Қаражал қаласы мен Жаңаарқа аудандарында іссапарда болып, мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауды тапсырды және 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген жаңа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі таралы” Заң және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге егжей-тегжей тоқталды.
Сырым Жиенқұлұлы өз сөзінде мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы жоғары жауапкершілігіне тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген негізгі тыйымдар мен шектеулерді еске салып, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін және сыбайлас жемқорлық сипатындағы жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін теріс қылықтарға, оның ішінде лудоманияға тереңірек тоқталды.
Күнделікті тұрмыста қарапайымдылық танытуға және қоғам тарапынан негізді сын туғызуы мүмкін әрекеттерге жол бермеуге баса мән берілді. Мемлекеттік қызметшілер сыпайылық пен әдептілік танытып, өздерінің қызметтік жағдайын және мемлекеттік мүлікті жеке мәселелерін шешу мақсатында пайдаланбауы қажет екендігін ескертті.
Өңірдегі иммундау мәселелері, жас ерекшеліктеріне қарай вакцина алу, қарсы көрсеткіштер, осы және басқа да сұрақтардың жауабы төмендегі сілтемеде
https://www.youtube.com/live/d3zNuXGYm_c?si=WM3y03y-yWtaqRhI
Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде облыстың емдеу-сауықтыру ұйымдары басшыларының қатысуымен халықтың нысаналы топтарын профилактикалық екпелермен қамту кеңейтілген кеңес өткізілді.
Кеңес барысында Департамент басшысы Е. Ткаченко облыс халқын иммундау бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндады.
Иммундаумен қамтуды арттыру және вакцинация модуліндегі жұмысты жандандыру бойынша міндеттер қойылды.
Бүгін аумақтық басқарма мамандарымен «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің №832 қаулысы бойынша құқықтық оқыту өткізілді.
Семинар аясында электрондық құжат айналымын ұйымдастыру, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану тәртібі, ақпараттық жүйелердің қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ киберқауіпсіздік мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушыларға ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау, дербес деректерді қорғау және қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Атмосфералық ауаның ластануы — ауа құрамына адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды газдар, шаң-тозаң және химиялық заттардың түсуі. Бұл қазіргі кездегі ең маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады.
Атмосфералық ауаның ластануының негізгі себептері:
Өнеркәсіп орындары (зауыттар, фабрикалар)
Автокөлік түтіндері
Жылу электр станциялары
Көмірмен жылыту (жеке үйлер)
Қоқыс жағу
Табиғи факторлар (орман өрті, шаңды
Ауаның ластануы адам денсаулығына өте қауіпті:
* Тыныс алу аурулары
* Жүрек-қан тамыр аурулары
* Инсульт
* Өкпе қатерлі ісігі
* Бронх демікпесі
Ауаның ластануының салдары:
Климаттың өзгеруі
Қышқыл жаңбыр
Озон қабатының жұқаруы
Өсімдіктер мен жануарлардың жойылуы
Адам өмірінің қысқаруы
Ауаны қорғау жолдары:
Қоғамдық көлік пайдалану
Ағаш отырғызу
Қоқыс жақпау
Экологиялық таза энергия қолдану
Өнеркәсіптерге сүзгі орнату