Меню

Страницы

Статья

«Субұрқақта шомылу, неге қауіпті?»

«Субұрқақта шомылу, неге қауіпті?»
 
    Мамыр айынан бастап қаламызда субұрқақ кешендері іске қосылады. Ыстық күндері бұл орындар тұрғындардың назарын аударып, салқындауға таптырмас орынға айналатыны анық. Алайда, кейбір азаматтардың субұрқақ ішінде шомылуы — денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді.
    Есте сақтаңыз: субұрқақтар шомылуға арналмаған! Олар — қаланың сәулеттік абаттандыру элементі әрі ауаны ылғалдандыру қызметін атқаратын нысандар.
     Негізгі қауіп факторлары:
- Биологиялық ластану: Субұрқақтар ашық аспан астында болғандықтан, суға шаң, жапырақтар, қоқыс пен жәндіктер түсіп, табиғи ластану процесі өте жылдам жүреді.
- Инфекция көздері: Мұнда қаңғыбас жануарлар мен құстар шомылып, түрлі аурулар (зоонозды инфекциялар, орнитоз) қалдыруы мүмкін. Сондай-ақ, ішек таяқшалары, зең (грибок) және вирустық инфекциялардың таралу қаупі жоғары.
- Бактериялардың көбеюі: Жоғары ауа температурасы судағы зиянды микроорганизмдердің тез көбеюіне ықпал етеді.
- Жарақат алу қаупі: Субұрқақтың ішкі жабындысы өте тайғақ болады. Сонымен қатар, су астындағы инженерлік коммуникациялар мен жабдықтар механикалық жарақат алуға немесе электр тогының соғуына әкеп соғуы мүмкін.
Субұрқақ суына шомылуға ғана емес, сол суға қолды немесе жеміс-жидекті жууға мүлдем болмайды! Бұл мақсаттар үшін тек арнайы жабдықталған жерлердегі ауыз суды пайдалану қажет.
      Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті жыл сайын мамыр - қыркүйек айлары аралығында қаланың субұрқақ кешендері су сапасына мониторинг жүргізеді.
2025 жылғы зерттеу нәтижелері:
- Қала бойынша субұрқақ кешендерінен барлығы - 524 су сынамасы алынды, оның ішінде микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 26 сынамада, санитариялық - химиялық көрсеткіштер бойынша 34 сынамада талаптарға сәйкес келмеуі анықталды.
    Ата-аналардың назарына: 
    Субұрқақ — шомылу орны емес! Мұнда жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі өте жоғары екенін ескере отырып, ата-аналардан балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірулеріңізді сұраймыз.
    «Өз денсаулығыңыз — өз қолыңызда».
Дата публикации
12 мая 2026
Дата обновления
12 мая 2026
Тип

Сейчас читают

Информация
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Пропаганда здорового питания»
16 октября 2026
e-SEN: цифровые возможности санитарно-эпидемиологической службы

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы