Балалардың жазғы демалысын қалай дұрыс ұйымдастыру керек.
Жазғы каникул кезеңі – балалардың денсаулығын нығайтуға және ағзаны сауықтыруға қолайлы уақыт. Дұрыс ұйымдастырылған демалыс баланың физикалық жағдайына, эмоциялық әл-ауқатына және жан-жақты дамуына оң әсер етеді.
Осы кезеңде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі тиімді өткізуге мүмкіндік береді.
Барлық балаларды сауықтыру ұйымдары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес болуы тиіс. Санитариялық және гигиеналық нормаларды сақтау – олардың қызметінің міндетті шарты.
Жазғы маусым басталғанға дейін әрбір лагерь санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуы қажет. Бұл құжатсыз балаларды қабылдауға жол берілмейді.
Балалардың тұру жағдайларына ерекше назар аударылуы тиіс. Лагерь аумағы қоршалған болуы, ауыз су және ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз етілуі, кәріз жүйесі, жарықтандыру және желдету жүйелері болуы қажет.
Барлық үй-жайлар таза ұсталуы тиіс. Күнделікті тазалау жұмыстары рұқсат етілген жуғыш және дезинфекциялық құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі.
Жиһаз бен жабдықтар балалардың жас ерекшеліктеріне және қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы қажет.
Тамақтануды ұйымдастыру маңызды рөл атқарады. Балалар лагерінде тамақтану күніне бес рет, теңгерімді және балалардың физиологиялық қажеттіліктеріне сай болуы тиіс.
Медициналық қамтамасыз ету де аса маңызды. Балаларды сауықтыру ұйымдарында медициналық қызметкерлер:
Балалардың қауіпсіздігі санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тікелей байланысты. Сауықтыру ұйымдарында балалардың денсаулығы мен әл-ауқатына қауіп төндірмейтіндей тұру, тамақтану және медициналық қызмет көрсету жағдайлары қамтамасыз етілуі тиіс.