Жеке медициналық кітапшаларды электрондық форматқа көшіру туралы

Жеке медициналық кітапшаларды электрондық форматқа көшіру туралы

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жеке медициналық кітапшаларды (ЖМК) жүргізудің жаңа тәртібі күшіне енеді. Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 9 бұйрығына сәйкес ЖМК-ны беру, есепке алу және жүргізу жөніндегі барлық операциялар тек қана электрондық форматта жүзеге асырылатын болады.

Негізгі өзгеріс ЖМК жүргізу формасына қатысты екенін атап өтеміз. Егер бұл құжат бұрын қағаз түрінде болған болса, енді ол тек электрондық форматта қол жетімді болады.

ЖМК-ны беруді медициналық қызметке лицензиясы бар және “ресурстарды басқару жүйесі”ақпараттық жүйесінде тіркелген меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан медициналық ұйымдар жүзеге асыратын болады.

Жеке медициналық кітапша медициналық ұйым қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) және денсаулық сақтау субъектісінің QR-коды арқылы куәландырылған жұмысқа жіберу туралы белгімен беріледі.

Кәсіби жарамдылығы расталған жағдайда дәрігер жұмысқа рұқсат береді, электрондық ЖМК жасайды және оны eGov Mobile қосымшасының “Е-Densaulyq” сервисінде жариялайды.

Естеріңізге сала кетейін, жеке медициналық кітапша тамақ, ауыз су өнімдерін өндірумен, тасымалдаумен, сақтаумен және өткізумен байланысты салаларда, сондай-ақ тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсететін ұйымдарда жұмысқа орналасу үшін маңызды құжат болып қала береді. Бұл міндетті талап санитарлық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Толығырақ ақпарат алу үшін азаматтар медициналық ұйымдарға немесе аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жүгіне алады.