Тырысқақ туралы не білеміз?

Тырысқақ – жіті инфекциялық ауру, оның виброны нәжіспен және құсықпен бөлінеді. Аурушаңдық микробтармен ластанған көкөністерді, жемістерді, суды, азық-түлік тағамдарын жегенде туындауы мүмкін.
‼️Тырысқақ белгілері
Тырысқақ вибрионын жұқтырған кезде инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 5 күнге дейін созылады. Тырысқақ жиі диареямен, бірнеше рет құсумен көрінеді, бұл сұйықтықтың жоғалуына әкеледі.
Азия, Африка және Оңтүстік Американың кейбір елдері тырысқақтың эпидемиялық аймақтары, әкелінген жағдайлар әлемнің барлық аймақтарында тіркеледі.
‼️Саяхатшылар келесі қарапайым ережелерді қатаң сақтай отырып , тырысқақтың алдын алуға болатының білуі тиіс :
• Тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды; сабынмен жақсылап жуу, қолға арналған антисептикті қолдану;
• Жуылмаған көкөністер мен жемістерді жемеу;
• Ішу , жемістерді , көкөністерді және ыдыстарды жуу мақсатында тек қайнатылған суды пайдалану;
• Жеткіліксіз термиялық өңделген тағамдарды жемеу;