Вакцинация - қызылшадан қорғанудың ең сенімді әдісі!

Вакцинация - қызылшадан қорғанудың ең сенімді тәсілі!
Халық арасында сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашада «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» № 7 қаулысы бекітілді.
Қаулыға сәйкес 2023 жылғы 06 қарашадан бастап республика мен облыс бойынша қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан 6 айдан 10 ай 29 күн аралығындағы балаларға қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу басталды, ал 05 желтоқсаннан бастап 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға ата-анасының (заңды өкілдерінің) хабардар етілген келісімін алғаннан кейін қосымша иммундау жүргізілетін болады.
Осыған орай Абай облысы бойынша қосымша жаппай иммундауға жататын контингенттердің саны бекітілді.
Қосымша иммундаудан басқа ҚР Ұлттық күнтізбесіне сәйкес иммундау жоспарлы түрде 2 рет: 1 жаста және 6-7 жаста жасалады және қызылшамен ауыратын адаммен қатынаста болған 30 жасқа дейінгі егілмеген, егу деректері жоқ адамдарға эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша шұғыл вакцинациялау жүргізіледі.
Вакцинация тұрғылықты жері бойынша облыстың емханаларының барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі.
Вакцинация үшін өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін ДДҰ-ның алдын ала біліктілігі бар "Serum institute of India" өндірген аралас вакцина пайдаланылады. Қызылшаға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келеді және аурудың таралуын тоқтату үшін ұсынылады.
Қызылшаға қарсы вакцина – бұл аурудан және ауыр асқынулардан жалғыз сенімді қорғаныс.
Құрметті ата-аналар!
Вакцина алудан бас тартпаңыз, балаңыздың қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеруді және қосымша жаппай иммундаудан өтуді ұсынамыз!