Абай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Үржар балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру жұмыстарын жүргізді

Ағымдағы жылдың 7-9 қараша аралығында Абай облысының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбие нысандарын бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Г.Жакиянова Үржар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекші маманы Г.Остаевамен бірлесіп Абай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Үржар балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру жұмыстарын жүргізді. Аумақтық бөлімшелердің жас мамандарына тексеру жүргізу, санитарлық ережелерді қолдану, құжаттаманы жүргізу, толтыру және есеп беру бойынша консультативтік-әдістемелік көмек көрсетілді. Нысанды тексеру барысында мекеме қызметкерлерімен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен таныстыру мақсатында «сұрақ-жауап» аясында семинар өткізілді. Мекеме қызметкерлері тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға жан-жақты жауаптар берілді.