Абай облысының СЭБД қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өтті

Абай облысының СЭБД қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өтті

Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өнеркәсіптік, радиациялық-қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы А. К. Қожахметов азаматтық қорғаудың химиялық, радиациялық және биологиялық қорғау қызметінен 2023 жылғы 25-27 қыркүйектен бастап Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен өткен азаматтық қорғау қызметтері мен қауіпті өндірістік обьектілер мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсына қатысты.

Оның барысында бірінші кезеңде қауіпсіздік және табиғи техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою туралы теориялық білімдерін, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағынан халықты эвакуациялау алгоритмі пысықталды.

Курстың екінші кезеңінде қатысушылар өрт қауіпсіздігі саласында және қауіпті химиялық заттардың таралуы мүмкін болғанда теориялық білім, сондай-ақ ТЖ кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық тәжірибе алды.

Курстың соңғы кезеңінде қатысушылар топографиялық карталардағы жұмыс бойынша практикалық білім алды, шартты белгілерді дұрыс жазу алгоритмі, сондай-ақ облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің психологы Абай шұғыл жағдайда өзін қалай ұстау керектігін айтып, курстың қатысушыларымен психологиялық тренинг өткізді. Барлық курстарға қатысушыларға сертификаттар табысталды