2023 жылдың I тоқсанының қорытындысы және ағымдағы жылға арналған міндеттерді айқындау бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді

Ағымдағы жылдың 11 мамырында Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Н. Ноғайбаев 2023 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша облыс қызметінің қорытындысын шығаруға және ағымдағы жылға арналған міндеттерді айқындауға арналған кеңейтілген кеңес өткізді.
Аталған кеңеске аудандық басқарманың басшылары мен олардың орынбасарлары, бөлім басшылары, бөлімше меңгерушілері, зертхана меңгерушілері және Абай облысы бойынша ҚР ДСМ КСЭК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ ФРГП филиалының аудандық бөлімше бастықтары қатысты.
Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша облыс органдары мен қызметін ұйымдастыру қызметінің қорытындылары туралы 2023 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша қатысушыларды департамент басшысының орынбасарлары А. Тоқтабаева мен Р. Фатхуллина хабардар етті.
2023 жылдың I тоқсанындағы аудандық және қалалық басқармалардың әлеуметтік желілерінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын талдау, сондай-ақ облыс бойынша кадрлық мәселелер туралы департамент басшысының орынбасары М. Сахариев хабарлады.
Әкімшілік іс жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар, жазғы демалысты ұйымдастыру, елді мекендерді тазарту құрылыстарымен, сумен жабдықтаумен және қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарымен қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ өтініштер, мемлекеттік қызметтер және құжаттармен жұмысты ұйымдастыру мәселелері түсіндірілді.
Абай облысының СЭБ қалалық және аудандық басқармалары басшыларының атқарылған жұмыстары туралы жеке есептері тыңдалды.
Алқа жұмысының соңында департамент жұмысының қорытындысы шығарылды, бірқатар мәселелер талқыланды, ағымдағы жылға арналған міндеттер айқындалды.