Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2025 жылғы 1 тоқсан бойынша жұмысы қорытындыланды

Жарияланған күні: 16 мамыр 2025
Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2025 жылғы 1 тоқсан бойынша жұмысы қорытындыланды

2025 жылғы 14 мамырда Департамент басшысы Нуржан Ногайбаевтың төрағалығымен Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің алқа отырысы өтті.
Алқа отырысына Департаменттің бөлім басшылары және аумақтық басқарма басшылары қатысты.
Отырыста Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметінің 2025 жылғы 1 тоқсандағы жұмысы қорытындыланып, алдағы міндеттер талқыланды.

Алқа отырысында келесі мәселелер қаралды:
- Абай облысының аумағындағы санитарлық бөлім бойынша проблемалық мәселелер;
- 2025 жылғы 1 тоқсан қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық күнтізбесіне сай халықты профилактикалық екпемен қамту көрсеткіштері. Инфекциялық және паразиттік сырқаттанушылықтың талдауы, Республикалық және облыстық деңгейден арту көрсеткіштері;
- Туберкулез және бруцеллезбен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай; Аса қауіпті инфекцияларға қарсы халықты иммундаумен қамту;
- Жазғы сауықтыру маусымына дайындық;
- Абай облысындағы кәсіптік аурулар туралы;
- 2025 жылғы 1 тоқсан қорытындысы бойынша Семей қаласы аумағында сальмонеллез аурушаңдығының өсу себептері. Қабылданған іс-шаралар;
- Бородулиха аудандық СЭББ туберкулез аурушаңдығы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы.
Алқа отырысын қорытындылай келе, Департамент басшысы облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды орындау бойынша хаттамалық тапсырмалар берді.