Проведена пресс-конференция
Абай облысының өңірлік коммуникациялар алаңында “Вакцинация - елдің эпидемиологиялық әл-ауқат негізі” тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы Нұржан Ноғайбаев пен басшысының орынбасары Айгул Токтабаева баяндады.
- Бүгінде облыс аумағында жұқпалар бойынша, атап айтқанда, қызылша, көкжөтел, А вирустық гепатиті бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 2024 жылғы 6 ай бойынша қызылшамен - 738 жағдай, көкжөтелмен - 19 жағдай, А вирустық гепатитімен - 79 жағдай тіркелді,- деді спикер.
- Вирустан сақтанудың бірнеше шаралары қарастырылған. Олардың ең тиімді әдісі - вакцинация. Егер профилактикалық екпелерді өткізіп алсаңыздар, есесін толтырушы екпе жүргізу аясында, қызылша мен көкжөтел ғана емес, басқа да барлық екпелерді толықтай алуға болады және жүргізіліп жатқан қосымша қосымша жаппай иммундау аясында қызылшаға қарсы екпені 6 айдан асқан балаларға алуға болады,- деді Департамент басшысы Нұржан Болатұлы. Сонымен қатар, департамент басшысының орынбасары Айгул Токтабаева күзде адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация жоспарланғанын атап өтті.
- Айта кетерлік маңызды жағдай, 2024 жылы жатыр мойны обырының қоздырғышы адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация еліміздің Ұлттық екпелер күнтізбесіне енгізілді. Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина мектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаларының екпе кабинеттерінде тегін түрде жүргізіледі ,- деп қорытындылады спикер.