БҚО–ДА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ

Батыс Қазақстан облысы бойынша "ЕЛ НАМЫСЫ" арнайы мониторингтік тобының өкілдері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментінің ұжымымен кездесті.
Кездесуде Департаменттің өңірдегі үкіметтік емес ұйымдармен одан әрі өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды. ҚР "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңы шеңберінде арнайы мониторингтік топ мүшелері денсаулық сақтау саласына қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде департаменттің медициналық қызметтер сапасын және фармацевтикалық бақылау барысында ашық ақпарат сұратады және пайдаланады.
Қоғам белсенділері өңірдегі медициналық қызметтердің сапасына сыртқы талдау жүргізеді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Департамент өкілдері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау , азаматтардың өтініштері бойынша тексерулер жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы айтып берді.
Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимыл туралы меморандум әзірлеу және оған қол қою туралы шешім қабылданды.