Персоналды басқару жөніндегі бас маман-заңгер , санаты C-O-5 ,1 бірлік, лауазымның коды СУП 1/1
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
Шығыс Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Қаржы
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Қосымша талаптар
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім келесі бөлімдердің мамандықтары бойынша: «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, еңбекті мөлшерлеу және ұйымдастыру), немесе «Гуманитарлық ғылымдар» (философия, халықаралық қатынастар, тарих, филология, аударма ісі), немесе «Білім» (тарих, экономика және құқық негіздері, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі, қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті, әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі тану) білімдерге рұқсат етіледі.
Функционалды міндеттер
Департаменттің кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігіне талдау жүргізу және жоспарлау. Департаменттің кадрлық құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру. Департамент кадрларының мониторингін жүргізу және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) жүргізу. Департаментте кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру. Департамент кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамалардан өткізуді, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету. Конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, қызметтік тергеу жүргізу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету /Департамент қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда департаменттің мүдделерін білдіру. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды және мониторингті жүзеге асыру. Департаментте Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, құқықтық жалпы оқытуды жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Құқықтық актілердің, шешімдердің және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың олардың қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестілігіне заңдық сараптама жүргізу. Департаменттің және аумақтық басқармалардың мамандарына құқықтық көмек көрсету. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.02.2021
- ШҚО, Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 80 үй, 1 қабат, 4 бөлме
-
8-7232-61-32-01