Белоусовка кентінде жаңа клиника пайда болды

Белоусовка кентінде жаңа клиника пайда болды

МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Дидар Темиргалиев Глубокое ауданы Белоусовка кентінде "Доктор Кемкин клиникасы" ЖШС лицензиялық құжаттарын беру бойынша рұқсат беру бақылауын жүргізді.

Маман медициналық мекемені қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді.

Клиника басшысы мен оның медицина қызметкерлеріне Дидар Темиргалиев мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын түсіндірді.

Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталмады: доктор Кемкиннің клиникасына  ересек тұрғындар үшін "гастроэнтерология, функционалдық және ультрадыбыстық диагностика, кардиология, терапия, невропатология" мамандықтары бойынша медициналық қызметке лицензия және оған қосымша берілді.