Мемлекеттік қызметке алғаш кірген Департамент қызметкері ант қабылдады

Мемлекеттік қызметке алғаш кірген Департамент  қызметкері ант қабылдады

2021 жылғы 18 маусымда мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында Мемлекеттік қызметке алғаш кірген Департамент қызметкері ант қабылдады. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медицианлық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу бөлімінің бас маманы Мақпал Жомартқанқызы Рахимжанова мемлекеттік қызметшілер қатарына жаңадан қосылған және ант қабылдаушылардың бірі болды. 

Жиынды қорытындылай келе, Департамент басшысы Н. Ибраев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, халыққа және мемлекетке қызмет етуде сәттілік тіледі.