Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды. Талдау басталу кезеңі: ағымдағы жылдың 14 наурызы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру, талдау объектісінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер бойынша ұсыныстар болған жағдайда ақпаратты        8-(7232)-61-81-00 нөмірі бойынша хабарласуға сұраймыз. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.

Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

Басталу уақыты

14 наурыз 2024

Соңғы күні

15 сәуір 2024

Оқиға түрі

Хабарландыру