Дәрі-дәрмектердің бағасының төмендеуі туралы

Солтүстік Қазақстан облысының фармацевтикалық нарығында мемлекеттік реттеуге жататын бірқатар дәрілік заттардың бағасының төмендеуі байқалады.
Аталған өзгерістер дәрілік заттардың құнын қалыптастырудың ашықтығы мен болжамдылығын арттыруға бағытталған жаңартылған баға белгілеу тетігін іске асырумен байланысты. Қазіргі уақытта 4994 сауда атауындағы дәрілік заттарға шекті бағалар бекітілген.
Мемлекеттік реттеуге жататын барлық дәрілік заттар тұрақты бақылауда.
Мәселен: «Сумамед, 250 мг №6 таблеткалар» препаратының бағасы бұрын, ҚР ДСМ-94 бұйрығы күшіне енгенге дейін, 6397,80 теңге болса, қазіргі таңда ең жоғары бөлшек сауда бағасы 3457,02 теңгеге дейін төмендеді;
«Супрастин, 25 мг №20 таблеткалар» - 2642,10 теңгеден 982,46 теңгеге дейін;
«Зитмак, 500 мг №3 таблеткалар» - 6578,97 теңгеден 2373,85 теңгеге дейін;
«Нольпаза, 40 мг №14 таблеткалар» - 2899,61 теңгеден 919,47 теңгеге дейін;
«Ревмоксикам, 15 мг №20 таблеткалар» - 6134,39 теңгеден 1157,76 теңгеге дейін төмендеді.
Өзекті бағалар pharmgorodok.kz сайтында қолжетімді.
Азаматтардан бағаның артық қойылу фактілері анықталған жағдайда 70-11-51 телефонына немесе E-Otinish.kz платформасы арқылы хабарласуды сұраймыз