Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті

2025 жылы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м.а. төрағалығымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын сақтау мақсатында аумақтық департаменттерді қосумен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында мемлекеттік қызметшілердің бақылау-қадағалау функциялары жүктелген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік аппараттың белсенді ұстанымы және оның көріністеріне мүлдем төзбеушілік мәселелері талқыланды.
Өткізілген кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің және аумақтық департаменттер деңгейінде ашықтықты арттырудың негізгі аспектілері талқыланды. Кеңеске қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мен бақылау тетіктерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Талқылау барысында қызметкерлердің қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар мен ережелер туралы хабардар болу деңгейін арттыру қажеттігіне назар аударылды.