Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне арналған онлайн семинар.

2024 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ZOOM бағдарламасы арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша онлайн семинар өткізді:
- "Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығы;
- "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығы.
Семинар медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.
Семинар барысында қатысушылардан өздерін қызықтырған сұрақтар келіп түсті, оларға түсіндірме жауаптар берілді.
Қорытындылай келе, семинарға қатысушыларға нормативтік құқықтық акт бойынша презентация жіберілді.
Қызмет бағыты