GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз отралығы
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
11 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті

 

Шымкент қаласы                                                             «03» шілде 2026 жыл

 

Кіріспе бөлім

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің толық атауы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негізі:

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағы (бұдан әрі – Заң);
  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасынын 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);
  3. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы 2021 жылғы 7 сәуірде бекіткен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
  4. Департамент басшысы міндетін атқарушының 2025 жылғы «10» сәуірдегі № 152 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2025 жылғы 1 сәуірден 2026 жылғы 30 маусымға дейін.

Талданатын кезең:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаумен 2025 жылғы 1 сәуірден 2026 жылғы 30 маусымға дейінгі кезең қамтылды.

Жұмыс тобының құрамы:

  1. Жұмыс тобының басшысы – Департамент басшысының орынбасары, Садыкова Айгуль Амангельдиевна;

Жұмыс тобының мүшелері:

  1. Абытова Розия Калбаевна – Медициналық қызметті бақылау бөлімінің басшысы;
  2. Куканов Амирхан Аблайханович – Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы;
  3. Орынбасар Айгерім Абдығапарқызы – Фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы;
  4. Оспанов Абай Абилкаирович – Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы;
  5. Тохполат Динара Даниярқызы – Департаменттің бас маманы.

Сипаттама бөлім

Департамент Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығының 18-қосымшасымен бекітілген Ережеге сәйкес өз құзыреті шегінде медициналық қызметтерді (көмекті) көрсетуді бақылау, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында басшылықты және іске асыруды, сондай-ақ іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.

Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

  1. Персоналды басқару

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 шілдедегі № 612 бұйрығына сәйкес Департаменттің құрылымы мен штат саны бекітілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасын орындау мақсатында Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару қызметі орталықтандырылды.

Сонымен қатар, «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті өткізеді.

Қызметкерлердің ынтасын арттыру мақсатында бюджетте үнемдеу болған жағдайда, мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелерге орай сыйлықақы төленуі мүмкін.

Өтелмеген тәртіптік жазалары бар қызметкерлерді көтермелеу, сондай-ақ тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде (3 айдан аз) алып тастау фактілері анықталған жоқ.

Ішкі талдау барысы Департамент өз қызметін жүзеге асыратын негізгі заңнамалық актілер мыналар екенін көрсетті: Департаменттің Ережесі, Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Кәсіпкерлік, Азаматтық, Салық, Еңбек кодекстері және «Мемлекеттік мүлік туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өтқарудың кейбір мәселелері туралы» Жарлығы және ішкі нормативтік құжаттар.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жүзеге асырылады.

Департаментте Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты, Қызметкерлерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық сияқты құжаттар әзірленген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар Жұмыс жоспары (тиісті жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары) негізінде жүзеге асырылады.

Департаментте «Сенім телефоны» жедел желісі арналары – телефон желісі мен электрондық пошта жұмыс істейді.

Жедел желі арналары туралы ақпарат Департаменттің интернет-порталында орналастырылған.

2025 жылғы 1 сәуір мен 2026 жылғы 30 маусым аралығында өтініштер келіп түскен жоқ.

2025 жылғы 1 сәуір мен 2026 жылғы 30 маусым аралығындағы кезеңде Департамент қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері анықталған жоқ.

  1. Департаменттің медициналық қызметті бақылау бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау

Бөлім қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ЗРК «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ЗРК «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ЗРК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін», Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ЗРК «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін» және денсаулық сақтау саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Талдау барысында бөлім туралы ережені және мамандардың лауазымдық нұсқаулықтарын зерделеді. Талдау нәтижелері бойынша дискрециялық өкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін ережелер анықталған жоқ.

Бөлімнің бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

2025 жылғы 31 наурыз пен 2026 жылғы 31 наурыз аралығындағы есептік деректерге сәйкес, Бөлім медициналық қызметтерді көрсету сапасы саласында 229 жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның ішінде:

  • 217 тексеруді түскен шағымдар, мемлекеттік органдардың хаттары негізінде Бөлім дербес жүргізді;
  • 12-сі прокуратура органдарының тапсырмалары негізінде жүргізілді.

Тексеру нәтижелері бойынша субъектілердің басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою туралы 172 жағдайда нұсқама берілді, жалпы сомасы 24 082 432,5 теңгеге 292 әкімшілік хаттама жасалды.

Айыппұлдардың өндірілуі 100% құрайды.

Барлық жоспардан тыс тексерулердің материалдарын зерделеу барысында тексерулермен шағымдарда, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың хаттарында көрсетілген барлық мәселелер қамтылғаны анықталды.

Департамент 2025 жылдың 9 айында және 2026 жылдың І тоқсанында ҚР ӘҚБтК келесі баптары бойынша жалпы сомасы 24 082 432,5 теңгеге 229 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады:

  • ҚР ӘҚБтК 424-бабының 1-бөлігі бойынша – 5 439 912 теңгеге 128 хаттама;
  • ҚР ӘҚБтК 424-бабының 2-бөлігі бойынша – 226 085 теңгеге 3 хаттама;
  • ҚР ӘҚБтК 464-бабының 1-бөлігі бойынша – 1 429 255 теңгеге 7 хаттама;
  • ҚР ӘҚБтК 433-бабының 1-бөлігі бойынша – 19 660 теңгеге 2 хаттама;
  • ҚР ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі бойынша – 163 175 теңгеге 2 хаттама;
  • ҚР ӘҚБтК 230-бабының 2-бөлігі бойынша – 12 869 800 теңгеге 39 хаттама;
  • ҚР ӘҚБтК 80-бабының 2-1 бөлігі бойынша – 2 298 235 теңгеге 87 хаттама;
  • ҚР ӘҚБтК 81-бабының 1-бөлігі бойынша – 78 640 теңгеге 8 хаттама;
  • ҚР ӘҚБтК 428-бабы бойынша – 2 087 810 теңгеге 16 хаттама.

Бөлімнің бақылау функцияларын іске асыру мәселелерін зерделеу кезінде мыналар анықталды:

  • Бөлім мамандары бақылау іс-шараларын жүргізу мерзімдерін сақтады;
  • талап етілген құжаттар құқықтық актілерде көзделген;
  • бақылау іс-шараларын жүргізу рәсімі бұзылмаған;
  • Бөлім мамандары денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерді (ИСЛО, КМИС, СУМТ) тиісті түрде пайдалану дағдыларын меңгерген;
  • тексерулердің нәтижелері мен материалдары папкілерге тігіліп, жылдар бойынша бөлек сақталады;
  • Бөлім құқықтық статистика органдарымен салыстырып тексерулер жүргізу үшін Департаменттің жауапты тұлғасына өтініштерді қарау туралы ақпаратты уақтылы (тоқсан сайын) ұсынады;
  • бақылау іс-шараларын жүргізген тұлғалардың бақылау объектілерінің өкілдерімен үлестестік (аффилирленгендік) фактісі анықталған жоқ.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу мақсатында 2024 жылғы 1 шілде мен 2025 жылғы 31 наурыз аралығында Бөлім басшысы Департамент қызметкерлері, оның ішінде Бөлім арасында сыбайлас жемқорлықтың туындау проблемаларын жою мәселелері бойынша семинарлар өткізді.

Семинар қатысушыларының назары мына мәселеге аударылды – мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар беру (лауазымды тұлғаларға қызметтік өкілеттіктерін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдауға тыйым салынады).

Сондай-ақ, Бөлім қызметкерлері арасында апта сайынғы негізде ауызша түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мүдделер қақтығысын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті әрі жан-жақты қарауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау және оларды сыбайлас жемқорлық шектеулерін жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері анықталған жоқ.

Бөлім басшысы тұрақты негізде Бөлім мамандары туралы жағымсыз материалдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу фактілерінің орын алғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға мониторинг жүргізеді, фактілер анықталған жоқ.

Бөлім сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуын болдырмау мақсатында Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі бекітілген жоспарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен жұмыс істейді.

 

  1. Департаменттің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау

Бөлім қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ЗРК «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ЗРК «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ЗРК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін», Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ЗРК «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін» және денсаулық сақтау саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Талдау барысы бөлім туралы ережені және мамандардың лауазымдық нұсқаулықтарын зерделеді. Талдау нәтижелері бойынша дискрециялық өкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін ережелер анықталған жоқ.

Бөлімнің бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

2025 жылғы 31 наурыз бен 2026 жылғы 31 наурыз аралығындағы есептік деректерге сәйкес, Бөлім дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың (бұдан әрі – ДЗ мен МБ) айналысы саласында 57 жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның ішінде:

  • 57 тексеруді түскен шағымдар, мемлекеттік органдардың хаттары негізінде Бөлім дербес жүргізді;
  • 6-сы прокуратура органдарының тапсырмалары негізінде жүргізілді.

Тексеру нәтижелері бойынша субъектілердің басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою туралы 38 жағдайда нұсқама берілді, жалпы сомасы 11 845 153 теңгеге 24 әкімшілік хаттама жасалды.

Айыппұлдардың өндірілуі 100% құрайды.

Барлық жоспардан тыс тексерулердің материалдарын зерделеу барысында тексерулермен шағымдарда, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың хаттарында көрсетілген барлық мәселелер қамтылғаны анықталды.

Департамент 2025 жылдың 9 айында және 2026 жылдың І тоқсанында ҚР ӘҚБтК келесі баптары бойынша жалпы сомасы 11 845 153 теңгеге 24 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады:

  • ҚР ӘҚБтК 424-бабының 1-бөлігі бойынша – 10 813 теңгеге 1 хаттама;
  • ҚР ӘҚБтК 426-бабының 1-бөлігі бойынша – 2 516 440 теңгеге 11 хаттама;
  • ҚР ӘҚБтК 426-бабының 3-бөлігі бойынша – 9 317 900 теңгеге 12 хаттама.

Рәсімделген хаттамалар саны:

  • тексеру нәтижелері бойынша – 24;
  • құқық қорғау, мемлекеттік органдардан түскен материалдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша (ҚР ӘҚБтК 802-бабына сәйкес) – жалпы сомасы 13 177 945 теңгеге 44 хаттама.

Бөлімнің бақылау функцияларын іске асыру мәселелерін зерделеу кезінде мыналар анықталды:

  • Бөлім мамандары бақылау іс-шараларын жүргізу мерзімдерін сақтады;
  • талап етілген құжаттар құқықтық актілерде көзделген;
  • бақылау іс-шараларын жүргізу рәсімі бұзылмаған;
  • Бөлім мамандары денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерді (ИСЛО, КМИС, СУМТ) тиісті түрде пайдалану дағдыларын меңгерген;
  • тексерулердің нәтижелері мен материалдары папкілерге тігіліп, жылдар бойынша бөлек сақталады;
  • Бөлім құқықтық статистика органдарымен салыстырып тексерулер жүргізу үшін Департаменттің жауапты тұлғасына өтініштерді қарау туралы ақпаратты уақтылы (тоқсан сайын) ұсынады;
  • бақылау іс-шараларын жүргізген тұлғалардың бақылау объектілерінің өкілдерімен үлестестік (аффилирленгендік) фактісі анықталған жоқ.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу мақсатында 2025 жылғы 31 наурыз бен 2026 жылғы 31 наурыз аралығында Бөлім басшысы Департамент қызметкерлері, оның ішінде Бөлім арасында сыбайлас жемқорлықтың туындау проблемаларын жою мәселелері бойынша семинарлар өткізді.

Семинар қатысушыларының назары мына мәселеге аударылды – мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар беру (лауазымды тұлғаларға қызметтік өкілеттіктерін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдауға тыйым салынады).

Сондай-ақ, Бөлім қызметкерлері арасында апта сайынғы негізде ауызша түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мүдделер қақтығысын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті әрі жан-жақты қарауды қамтамасыз еті сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау және оларды сыбайлас жемқорлық шектеулерін жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері анықталған жоқ.

Бөлім басшысы тұрақты негізде Бөлім мамандары туралы жағымсыз материалдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу фактілерінің орын алғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға мониторинг жүргізеді, фактілер анықталған жоқ.

Бөлім сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуын болдырмау мақсатында Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі бекітілген жоспарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен жұмыс істейді.

  1. Департаменттің фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау

Бөлім қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 545 бұйрығы негізінде комиссия бекітіліп, келесі мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстары ұйымдастырылды:

  • бөлімдердің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • профилактикалық тексерулер жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау (фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына, сондай-ақ ЕСХ айналымы саласындағы қызметке объектінің сәйкестігін рұқсат беру бақылауы);
  • бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Осы бұйрықты орындау мақсатында жұмыс тобы Департаменттің Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) 2025 жылғы 31 наурыз пен 2026 жылғы 31 наурыз аралығындағы кезеңдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді.

2026 жылғы 4 маусымдағы жағдай бойынша бөлімде 4 маман жұмыс істейді: А.А. Куканов – бөлім басшысы, А.Ж. Асылбек – бас маман, А.Е. Меймахан – бас маман, Б.Е. Бегалиев – бас маман. Бөлім штаты толық жасақталған.

Бөлім жұмысы келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады: ҚР 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ЗРК «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығы «Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын беру, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданылуын растау, оның ішінде шетелдік мамандар үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған тұлғаны денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаттауына жіберу шарттарын бекіту туралы», ҚР ДСМ 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығы «Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы», ҚР ДСМ 2021 жылғы 7 шілдедегі № ҚР ДСМ-58 бұйрығы «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары, ҚР ДСМ 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығы «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы», ҚР ДСМ 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығы «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы», ҚР ДСМ 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығы «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы», ҚР 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ЗРК «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы, ҚР 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі».

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

Бөлім келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

  1. «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру»;
  2. «Денсаулық сақтау саласындағы есірткі заттардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың (ЕСХ) айналымына байланысты қызметке лицензия беру»;
  3. «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге және әкетуге келісімді және (или) қорытындыны (рұқсат құжатын) беру»;
  4. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру».

Есептік кезеңде Бөлім қызметкерлері келесі жұмыстарды атқарды:

    • лицензиялар және (или) фармацевтикалық қызметке қосымша беруге өтінімдер келіп түсті – 483;
    • берілді – 401;
    • беруден бас тартылды – 82.
    • денсаулық сақтау саласындағы ЕСХ айналымына байланысты қызметке лицензия беруге өтінімдер келіп түсті – 45;
    • берілді – 45;
    • беруден бас тартылды – 0.
    • Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетуді келісуге рұқсаттар берілді – 63.
    • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында маман сертификаттарын беруге өтінімдер келіп түсті – 1740;
    • берілді – 1586;
    • бас тартылды – 154.

Сонымен қатар, есептік кезеңде Бөлім қызметкерлері фармацевтикалық қызмет субъектілерінің тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына сәйкестігіне инспекциялар жүргізді:

  • GPP инспекциялары – 99, 126 сертификат берілді, бас тартылды – 2;
  • GDP инспекциялары – 17, 17 сертификат берілді;
  • GMP инспекциялары – 2, 2 сертификат берілді.

Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу фактілері (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар, Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерін кешіктіру және т.б.) тіркелген жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

Бөлім келесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру»;
  2. «Денсаулық сақтау саласындағы есірткі заттардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың (ЕСХ) айналымына байланысты қызметке лицензия беру»;
  3. «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге және әкетуге келісімді және (немесе) қорытындыны (рұқсат құжатын) беру»;
  4. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру».

Есептік кезеңде Бөлім қызметкерлері келесі жұмыстарды атқарды:

    • лицензиялар және (немесе) фармацевтикалық қызметке қосымша беруге өтінімдер келіп түсті – 309;
    • берілді – 247;
    • беруден бас тартылды – 55.
    • денсаулық сақтау саласындағы ЕСХ айналымына байланысты қызметке лицензия беруге өтінімдер келіп түсті – 36;
    • берілді – 34;
    • беруден бас тартылды – 2.
    • Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетуді келісуге рұқсаттар берілді – 46.
    • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында маман сертификаттарын беруге өтінімдер келіп түсті – 1 247;
    • берілді – 1 169;
    • бас тартылды – 78.

Сонымен қатар, есептік кезеңде Бөлім қызметкерлері фармацевтикалық қызмет субъектілерінің тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына сәйкестігіне инспекциялар жүргізді:

  • GPP инспекциялары – 76, 72 сертификат берілді, бас тартылды – 3;
  • GDP инспекциялары – 12, 2 сертификат берілді;
  • GMP инспекциялары – 2, 2 сертификат берілді.

Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу фактілері (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар, Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерін кешіктіру және т.б.) тіркелген жоқ.

Бөлім қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Денсаулық сақтау саласындағы сертификаттау жөніндегі нормативтік-құқықтық актідегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына (бұдан әрі – ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығы) енгізілген өзгерістер 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.

ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығының 11-тармағына сәйкес, №1 Тізбелің 8-тармағына немесе №2 Тізбелің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толық еместігі, және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған дәлелді бас тартуды (еркін нысанда) жолдайды.

Сонымен қатар, ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығының 12-тармағына сәйкес, ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді, ол туралы көрсетілетін қызметті алушы алдын ала, бірақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі (дәлелді бас тарту) берілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей хабардар етіледі.

Осылайша, ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығының 11 және 12-тармақтарының бұл талаптары ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толық еместігі, ұсынылған құжаттар мен (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттардың, деректер пен мәліметтердің талаптарға сәйкес келмеуі фактілері анықталған кезде қызметті берушінің іс-қимыл алгоритмі бөлігінде өзара қайшы келеді.

Мұнымен қоса, ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығының 13-тармағына сәйкес қызметті алушы алдын ала шешімге қарсылықты ол алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

Ал «E-license» http://elicense.kz/ порталында мемлекеттік қызметтерді алуға өтініш бергеннен кейін толтырылған мәліметтер нысанын өзгертуге, сондай-ақ қосымша құжаттарды қосып тіркеуге мүмкіндік жоқ.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, бұл бұйрықта ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толық еместігі, ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі фактілері анықталған кезде қызметті берушінің іс-қимылдарының қадамдық алгоритмі жоқ.

Осылайша, денсаулық сақтау саласындағы сертификаттау жөніндегі мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ӘРПК талаптарына сәйкес алдын ала тыңдаулар өткізу кезінде қызметті беруші мен қызметті алушының тікелей байланысуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы орын алады, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қайшы келеді.

Фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ ЕСХ айналымы саласындағы қызметті лицензиялау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ ЕСХ айналымы саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығымен «Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» бекітілген.

Бұл мемлекеттік қызметті көрсету шеңберінде де ӘРПК 73-бабына сәйкес алдын ала тыңдау өткізу көзделген, бұл да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арттырады.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 22-3) тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі ҚР заңнамасына сәйкес лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін, рұқсаттар мен хабарламалар туралы ҚР заңнамасына сәйкес хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады.

2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ЗРК «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» (бұдан әрі – ҚР Кәсіпкерлік кодексі) тексерудің жаңа түрі – біліктілік талаптарына сәйкестігіне қатысты тексеру (постлицензиялық бақылау) енгізілді, оны Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті және оның аумақтық департаменттері жүргізетін болады.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің нормаларына сәйкес Комитет және оның аумақтық департаменттері (464, 424-баптар) тексеру нәтижелері бойынша заңнаманы бұзуға жол берген медициналық және фармацевтикалық қызмет субъектілеріне қатысты әкімшілік әсер ету шараларын (әкімшілік айыппұл салу) қабылдайды.

Осылайша, бүгінгі таңда бір орган лицензия беруді де, сондай-ақ лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына субъектінің сәйкестігін бақылауды да бір мезгілде жүзеге асырады, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қайшы келеді.

Іске асыру және бақылау функцияларын бір мемлекеттік органда шоғырландыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатады, оның ішінде біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін денсаулық сақтау субъектілерін жасырып қалу мүмкіндігі бөлігінде де орын алады.

Сонымен қатар, 2023 жылға дейін Бөлімде 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ЗРК «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің» (бұдан әрі – Кодекс) 146-бабының 2-тармағына сәйкес рұқсат беру бақылауын жүргізу кезінде Кодекстің 141-бабы 3-тармағының 11-бөлігі 1-тармақшасында көзделген негіздер бойынша – «өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылау» бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы акт Қазақстан Республикасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркелетін (2023 жылға дейін).

2023 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 95 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеу саясатын енгізу және ҚР ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) күшіне енді.

Күшіне енген Заңда Кодекстің 141, 146-баптарының жаңа редакциялары көрсетілген. Мнымен қатар, Заңмен Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ЗРК «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 51-бабына өзгерістер енгізіліп, «профилактикалық бақылау», «субъектіге (объектіге) барып профилактикалық бақылау тәртібімен» және т.б. ұғымдар алынып тасталды.

Осылайша, 2023 жылдан бастап объектінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне предлицензиялық бақылау тек Департамент басшысының бұйрығы негізінде объектіге шығу арқылы ғана жүргізіледі. Бұрын рұқсат беру бақылауы жүргізілген тексеру парақтары жоқ, осыған байланысты предлицензиялық бақылау жүргізу кезінде әртүрлі тәсілдерді қолдану тәуекелі орын алады.

Бұдан басқа, «E-license» http://elicense.kz/ порталында «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік лицензиясын көрсету кезінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығымен «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығы) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды тіркеп қою мүмкіндігі жоқ. № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығының 8-тармағына сәйкес: – «Қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап екі (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған кезде қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы еркін нысанда өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді бас тартуды жолдайды». Растаушы құжаттарды тіркеп қою және олардың толықтығын рұқсат беру бақылауына шықпа бұрын бағалау мүмкіндігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығын төмендетеді.

Сонымен қатар, «E-license» http://elicense.kz/ порталында «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік лицензиясын көрсету кезінде басқа ақпараттық жүйелермен интеграция жоқ, бұл ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын анықтауға мүмкіндік бермейді.

Бұл фактілер де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтиды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қайшы келеді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тәуекелдерін болдырмау үшін фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ ЕСХ айналымы саласындағы қызметті лицензиялауды жергілікті деңгейге беру, ал орталық деңгейде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында реттеуші (НҚА бекіту) функцияларды жүзеге асыру қажет.

  1. Департаменттің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау

Департаменттің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің қызметінде 2025 жылғы 31 наурыз бен 2026 жылғы 31 наурыз аралығындағы кезеңге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді (талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 08 мамыр мен 19 маусым аралығы).

Осы бұйрықты орындау мақсатында жұмыс тобы Департаменттің Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) 2025 жылғы 31 наурыз – 2026 жылғы 31 наурыз аралығындағы кезеңдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді.

2026 жылғы 9 маусымдағы жағдай бойынша бөлімде 4 маман жұмыс істейді: А.А. Оспанов – бөлім басшысы, Д.Г. Шалтаева – бас маман, Т.К. Асильбекова – бас маман, Ж.М. Есетов – жетекші маманның м.а. Бөлім штаты толық жасақталған.

Бөлім жұмысы мына нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ЗРК «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығы «Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын беру, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданылуын растау, оның ішінде шетелдік мамандар үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған тұлғаны денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаттауына жіберу шарттарын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-254/2020 бұйрығы «Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданылуын растауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығы «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығы «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығы «Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарын бекіту туралы», Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ЗРК «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы.

Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің саны туралы статистикалық деректер

2025 жылдың 9 айында 23 637 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • берілді – 19 572 рұқсат құжаты,
  • бас тартылды – 4 065.

Оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша:

  1. Медициналық қызмет саласында лицензия беру

Келіп түскен өтінімдердің жалпы саны – 769;

оның ішінде:

  • берілді – 594 (77,3%) (жеке тұлғаларға – 16, заңды тұлғаларға – 578);
  • бас тартылды – 175 (22,7%) (жеке тұлғаларға – 13, заңды тұлғаларға – 162).

Дәлелді бас тартудың негізгі себептері:

  • лицензия және/немесе лицензияға қосымша беру үшін қажетті құжаттар топтамасының толық болмауы – 100 (57,0%);
  • рұқсат беру бақылауының нәтижелері бойынша – 5 (2,8%);
  • объектіге санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармаларымен келісілмеген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе оның жоқтығы – 11 (6,2%);
  • өзге де себептер (қажетті жабдықтың жоқтығы, тіркелген мекенжайы бойынша болмауы) – 5 (2,8%);
  • лицензия алу үшін услугополучатель ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі анықталды – 54 (30,8%).

2025 жылдың 9 айында Бөліммен рұқсат беру бақылауы жүргізілді:

  • оның ішінде бұзушылықтар анықталмады – 323;
  • оның ішінде бұзушылықтар анықталды – 5 (1,5%); (1 – жеке тұлға; 4 – заңды тұлға).
  1. Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру

Келіп түсті – 22 746, оның ішінде:

  • берілді – 18 912;
  • бас тартылды – 3 834 (16,8%).

Бас тартудың негізгі себептері:

  • мәлімделген мамандық бойынша сертификат алу үшін қажетті құжаттар топтамасының толық болмауы – 31 (1,5%);
  • түлектер мен мәлімделген мамандық бойынша кәсіби қызметінде үш жылдан астам үзілісі бар медқызметкерлер үшін Бағалау нәтижесінің жоқтығы – 103 (5%);
  • мәліметтер нысанының дұрыс толтырылмауы (мамандық, еңбек қызметі, өтініш берушінің білімі дұрыс таңдалмаған) – 1 273 (61,5%);
  • ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 221-бабы 6-тармағының үшінші абзацына сәйкес келмейтін біліктілікті арттыру – 621 (30%);
  • өтініш қолданыстағы сертификаттың қолданылу мерзімі өткенге дейін 30 күнтізбелік күн бұрын берілді – 41 (2,0%).
  1. Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификатын беру

Келіп түсті – 44, оның ішінде:

  • берілді – 23;
  • бас тартылды – 21.

Бас тартудың негізгі себептері:

  • мәлімделген мамандық бойынша сертификат алу үшін қажетті құжаттар топтамасының толық болмауы – 3;
  • Бағалау нәтижесінің жоқтығы – 18.
  1. Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын беру

Келіп түсті – 75, оның ішінде:

  • берілді – 40;
  • бас тартылды – 35.

Бас тартудың негізгі себептері:

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін үміткер ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) біліктілік талаптарына сәйкеспеуі анықталды – 10;
  • өтініш негізгі жұмыс орны бойынша берілмеген – 10;
  • денсаулық сақтау саласы менеджерінің басқарушылық қызметке дайындығын растайтын қорытындының жоқтығы – 15.
  1. Туысқандық емес трансплантацияны жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттерден адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэтикалық дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныс жасушалары мен эмбриондарды әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытынды (рұқсат құжатын) беру

Келіп түсті – 3, оның ішінде:

  • берілді – 3 әкелу рұқсаты;
  • бас тартылды – 0.

2026 жылғы 3 айда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны туралы статистикалық деректер:

Көрсетілгені – 2 660 мемлекеттік қызмет, оның ішінде:

  • берілді – 2 117 рұқсат құжаты,
  • бас тартылды – 543.

Оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша:

  1. Медициналық қызмет саласында лицензия беру
  • келіп түскен өтінімдердің жалпы саны – 239;
  • қайтарылып алынған өтінімдер саны – ;
  • қаралғаны – 239;
  • оның ішінде:
  • берілді – 202;
  • бас тартылды – 37 (15,4%);

Бас тартудың негізгі себептері:

  • лицензия және/немесе лицензияға қосымша беру үшін қажетті құжаттар топтамасының толық болмауы – 6 (16,2%);
  • рұқсат беру бақылауының нәтижелері бойынша дәлелді бас тарту – 4 (10,8%);
  • объектіге санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармаларымен келісілмеген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе оның жоқтығы – 5 (13,5%);
  • өзге де себептер (қажетті жабдықтың жоқтығы; тіркелген мекенжайы бойынша болмауы) – 3 (8,1%);
  • лицензия алу үшін услугополучатель ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі анықталды – 19 (51,3%).

2026 жылдың 3 айында Бөліммен 117 рұқсат беру бақылауы жүргізілді:

  • оның ішінде бұзушылықтар анықталмады – 113;
  • оның ішінде бұзушылықтар анықталды – 4 (3,4%) (4 – заңды тұлға).
  1. Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру

Келіп түсті – 2 330, оның ішінде:

  • берілді – 1 870;
  • бас тартылды – 460 (19,7%).

Бас тартудың негізгі себептері:

  • мәлімделген мамандық бойынша сертификат алу үшін қажетті құжаттар топтамасының толық болмауы – 31 (6,7%);
  • түлектер мен мәлімделген мамандық бойынша кәсіби қызметінде үш жылдан астам үзілісі бар медқызметкерлер үшін Бағалау нәтижесінің жоқтығы – 103 (22%);
  • мәліметтер нысанының дұрыс толтырылмауы (мамандық, еңбек қызметі, өтініш берушінің білімі дұрыс таңдалмаған) – 240 (52,1%);
  • ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 221-бабы 6-тармағының үшінші абзацына сәйкес келмейтін біліктілікті арттыру – 66 (14,3%);
  • өтініш қолданыстағы сертификаттың қолданылу мерзімі өткенге дейін 30 күнтізбелік күн бұрын берілді – 20 (4,3%).
  1. Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификатын беру

Келіп түсті – 22, оның ішінде:

  • берілді – 15;
  • бас тартылды – 7.

Бас тартудың негізгі себептері:

  • мәлімделген мамандық бойынша сертификат алу үшін қажетті құжаттар топтамасының толық болмауы – 3;
  • Бағалау нәтижесінің жоқтығы – 4.
  1. Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын беру

Келіп түсті – 69, оның ішінде:

  • берілді – 30;
  • бас тартылды – 39.

Бас тартудың негізгі себептері:

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін үміткер ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) біліктілік талаптарына сәйкеспеуі анықталды – 25;
  • өтініш негізгі жұмыс орны бойынша берілмеген – 9;
  • денсаулық сақтау саласы менеджерінің басқарушылық қызметке дайындығын растайтын қорытындының жоқтығы – 5.
  1. Туысқандық емес трансплантацияны жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттерден адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэтикалық дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныс жасушалары мен эмбриондарды әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытынды (рұқсат құжатын) беру
  • келіп түсті – 0;
  • берілді – 0 әкелу рұқсаты;
  • бас тартылды – 0.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Департамент және Бөлім басшысымен 2025 жылғы 31.03. пен 2026 жылғы 31.03. аралығындағы кезеңде Департамент қызметкерлері, оның ішінде Бөлім қызметкерлері арасында апта сайын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

2025 жылы Департаменттің Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызмет көрсету, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша 5 материал жарияланды:

  1. 04.2025 ж. https://www.facebook.com/share/p/1JZth8a9VE/

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау бойынша «Ашық есік күні» өткізілді.

  1. 04.2024 ж. Медициналық қызметке лицензия алу бойынша қадамдық нұсқаулық (бейнеролик). https://www.facebook.com/share/v/r2eviPgjtnBpS9Ty/
  2. 06.2025 ж. Мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін нығайту мақсатында Департаменттің Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде бейнематериалдар жарияланды. https://www.facebook.com/share/p/18MT4PFRMH/
  3. 08.2025 ж. Процедуралық кабинеттерді лицензиялау мәселелері бойынша. https://www.facebook.com/share/p/1Kj6Q46drU/
  4. 08.2025 ж. Департаментте «Медициналық қызметті лицензиялау» тақырыбында жиналыс өткізілді. https://www.facebook.com/share/p/1CAgUA2LqY/
  5. 10.2025 ж. https://www.facebook.com/share/p/1DhpYRLkXW/

«ҚР ДСМ 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы».

2026 жылы Департаменттің Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде 2 материал жарияланды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша 1 ZOOM семинар (кеңес) өткізілді.

  1. 02.2026 ж. https://www.facebook.com/share/p/1bisWKvAM4/

ҚР-да кәсіби медициналық қызметті жүзеге асыру үшін «Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификатын беру ережелері туралы» мақала жарияланды.

  1. 03.2026 ж. https://www.facebook.com/share/p/1CVw61zT2b/

«ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДЕ: 270 ЖЕКЕ ПРОЦЕДУРАЛЫҚ КАБИНЕТ ӨЗ ҚЫЗМЕТІН ЕРІКТІ ТҮРДЕ ТОҚТАТТЫ» тақырыбында.

  1. 05.2026 ж. https://www.facebook.com/share/p/1Csif6d7ie/

Департамент Шымкент қаласы медициналық ұйымдарының кадр қызметінің басшылары мен қызметкерлерімен рұқсат беру жүйесі саласындағы ҚР заңнамасы талаптарын сақтау мәселелері, сондай-ақ медициналық қызметті жүзеге асыру үшін рұқсат құжаттарын алуға материалдар беру кезінде медициналық қызметкерлердің дәйексіз (жалған) мәліметтер мен құжаттар ұсыну фактілерінің жиілеуі бойынша ZOOM вебинар-кеңесін өткізді.

Бөлім мамандарымен 2025 жылғы 31.03. мен 2026 жылғы 31.03. аралығында көрсетілетін қызметті алушылармен тұрақты профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

  • Сертификаттау және лицензиялау бойынша азаматтарды қабылдау – 205; (2025 ж. – 140; 2026 ж. – 65).
  • Лицензиялау мәселелері бойынша кеңес беру – 230; (2025 ж. – 170; 2026 ж. – 60).
  • Телефон арқылы – күн сайын.

Сондай-ақ Бөлім қызметкерлері арасында апта сайынғы негізде ауызша түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мүдделер қақтығысын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық шектеулерін сақтамау және сыбайлас жемқорлық шектеулерін жасағаны үшін оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері анықталмаған.

Есептік кезеңде Бөлім басшысымен Бөлім мамандары туралы жағымсыз материалдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлық заңнамасын бұзу көріністерінің фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік желілерге мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі, фактілер анықталған жоқ.

Есептік кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзу фактілері (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар, Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерін кешіктіру және т.б.) болған жоқ.

Қорытынды бөлім.

Ұсынымдар:

Жоғарыда баяналғандардың негізінде Департаментке мыналар ұсынылады:

  1. Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету.
  2. Қолжетімділікті бақылау және басқару ақпараттық жүйесін енгізу мәселесін пысықтау, сондай-ақ Департамент қызметкерлерінің жұмыс уақытының дәйекті есебін қамтамасыз ету.
  3. Комитетке Бөлімдердің жұмысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша, сондай-ақ Бөлімдердің жұмысына әсер ететін нормативтік-құқықтық актілердің коллизиялары бойынша ұсыныстар жіберу.
  4. Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентінің сақталуына бақылауды күшейту.
  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуі бойынша кешенді шаралар қабылдау, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық қызмет саласында рұқсат құжаттарын беру мәселелері бойынша заңнаманы бұзуға жол бермеу.
  6. Мемлекеттік бақылау тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бөлігінде семинарлар өткізуді ұйымдастыруды жалғастыру.
  7. Бөлім қызметкерлерімен, оның ішінде Бөлімге жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметші мамандармен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен Бөлімнің жұмысына әсер ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бөлігінде оқыту семинарларын ұйымдастыруды жалғастыру.

Ішкі талдауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері

Жұмыс тобының төрайымы,

Басшының орынбасары                                                                                 А.Садыкова

 

Медициналық қызметті жоспардан

тыс бақылау бөлімінің басшысы                                                                  Р.Абытова

 

Фармацевтикалық қызметті

бақылау бөлімінің басшысы                                                                          А.Орынбасар

 

Медициналық қызметті сертификаттау және

лицензирования бөлімінің басшысы                                                            А.Оспанов

 

Фармацевтикалық инспекторат және

фармацевтикалық қызмет саласындағы

мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы                                              А.Куканов

 

Бас маман - заңгер                                                                                           Д.Тохполат

09 сентября 2026
Шымкент қаласының әкімдігінің бастамасымен және Шымкент қаласының полиция департаментінің ұйымдастыруымен қала аумағында «Есірткісіз қала» іс-шарасы өткізілді.

Шымкент қаласының әкімдігінің бастамасымен және Шымкент қаласының полиция департаментінің ұйымдастыруымен қала аумағында «Есірткісіз қала» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара аясында Департамент қызметкерлері тарапынан қала тұрғындарына есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымының алдын алу және оларды қолданудың зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

11 августа 2026
Дәрілік затты сатып алмас бұрын NAQTY ONIM арқылы тексеріңіз

Дәрілік затты сатып алмас бұрын NAQTY ONIM арқылы тексеріңіз

Қазақстанда азаматтарға дәрілік заттардың заңдылығын, таңбалануын және белгіленген бағасын тексеруге мүмкіндік беретін NAQTY ONIM цифрлық сервисі қолжетімді.

Сатып алушы дәрілік заттың қаптамасындағы Data Matrix кодын қосымша арқылы сканерлеп, препараттың атауы, өндірушісі, тіркеу деректері және таңбалау мәртебесі туралы ақпарат ала алады. Сондай-ақ дәрілік заттың жеткізу тізбегіндегі қозғалысын қадағалауға мүмкіндік бар.

Сервис арқылы препараттың мемлекет белгілеген шекті бөлшек сауда бағасын да тексеруге болады. Егер дәріханадағы баға белгіленген шекті деңгейден жоғары болса, азамат тиісті цифрлық құралдар арқылы ақпаратты уәкілетті органдардың қарауына жолдай алады.

NAQTY ONIM – дәрілік заттың қауіпсіздігі мен заңды айналымын бақылауға азаматтардың қатысуына мүмкіндік беретін заманауи цифрлық құрал.

11 августа 2026
Қазақстанда 589 дәрілік препараттың бағасы төмендеді

Қазақстанда 589 дәрілік препараттың бағасы төмендеді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттардың бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Қазақстанда шілде айында 589 дәрілік препараттың бөлшек саудадағы бағасы төмендеді. Мониторинг елдің 20 өңіріндегі 2 555 атаудағы дәрілік затты қамтыды.

Бақыланған дәрілік заттардың шамамен жартысының – 1 267 препараттың бағасы өзгеріссіз қалды. Ал 147 препараттың бағасы 20%-дан астам төмендесе, тағы 198 препараттың бағасы 10–20%-ға, 244 атаудың бағасы 5–10%-ға арзандаған.

Бағасы төмендеген дәрілік заттардың қатарында жұқпалы ауруларды, жүрек-қан тамырлары ауруларын және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуде кеңінен қолданылатын препараттар бар.

Атап айтқанда, Зитмак®️ 250 мг №6 препаратының бағасы 24,25%-ға, Цефтриаксон 1 г – 22,03%-ға, Пантап®️ 20 мг №14 – 20,1%-ға төмендеді. Сондай-ақ Лизиноприл-ЛФ 20 мг №10 – 14,7%-ға, Энап®️ 5 мг №10 – 13,27%-ға, Пульмикорт 0,25 мл – 11,09%-ға, Амоксиклав 875 мг/125 мг – 6,86%-ға арзандады.

«Комитет дәрілік заттардың бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Жиналған деректер фармацевтикалық нарықтағы ахуалды объективті бағалауға, өзгерістерге жедел ден қоюға және мемлекет белгілеген шекті бағалардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов.

Дәрілік заттардың нақты бағасына мониторинг таңбалау және қадағалау жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл жүйе медициналық ұйымдар мен дәріханалардағы дәрілік препараттардың қозғалысы мен қолжетімділігін бақылауға, сондай-ақ нақты сату бағасын мемлекет бекіткен шекті бағалармен салыстыруға мүмкіндік береді.

«Таңбалау және қадағалау жүйесі фармацевтикалық нарықтағы өзгерістерді нақты уақыт режимінде бақылауға, шекті бағалардың асып кету жағдайларын анықтауға және жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Комитет төрағасы Бауыржан Жүсіпов.

Тұтынушылар үшін дәрілік заттардың бағасын тексерудің қосымша құралы – Naqty Onim мобильді қосымшасы. Онда препараттың өндірушісі мен дистрибьюторы, сатылатын дәріхана және оған белгіленген шекті бөлшек сауда бағасы туралы ақпаратты көруге болады.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу тәсілдерін қайта қарады. Енді негізгі назар халық үшін әлеуметтік маңызы бар және сұранысқа ие дәрілік препараттарға аударылып отыр.

Тізбені өзектендіру нәтижесінде мемлекеттік баға реттеу 3 039 рецепт арқылы босатылатын дәрілік препаратқа қолданылады. Сонымен бірге 4 918 препарат мемлекеттік реттеуден шығарылды. Олардың қатарында рецептсіз босатылатын дәрілік заттар және құны бір айлық есептік көрсеткіштен аспайтын рецептпен босатылатын препараттар бар.

«Мемлекеттік баға реттеу тәсілдерін жаңарту халық үшін аса маңызды дәрілік заттарға бақылауды күшейтуге және сонымен қатар фармацевтикалық нарық субъектілеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік берді», – деді Комитет төрағасы Бауыржан Жүсіпов.

Шекті бағалардың сақталуына бақылау тұрақты түрде жалғасуда. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында шекті бағаларды асырудың 6 фактісі анықталып, олар бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құрады.

«Комитет шекті бағалардың сақталуын бақылауды жалғастырады. Заңнама талаптары бұзылған жағдайда тиісті әкімшілік шаралар қабылданады. Сонымен қатар өндірушілермен, дистрибьюторлармен және дәріхана ұйымдарымен өзара іс-қимыл жалғасып, баға тұрақтылығын сақтау және халықтың дәрілік заттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғаса береді», – деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов.

Дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс өндірушілермен, дистрибьюторлармен және дәріхана ұйымдарымен бірлесіп жалғасуда. Шілде айының соңында Денсаулық сақтау министрлігінде фармацевтикалық нарық қатысушыларымен кеңес өткізіліп, дәрілік заттарды тұрақты жеткізу және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері талқыланды.

                                                      

 

07 августа 2026
07.08.2026 жылы Департамент қызметкерлері арасында «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.04.2025 жылғы № 200 қаулысы (бұдан әрі – Қаулысы) зерделеу және түсіндіру жұмыстары жүргізілгді.

   

07.08.2026 жылы Департамент қызметкерлері арасында «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.04.2025 жылғы № 200 қаулысы (бұдан әрі – Қаулысы) зерделеу және түсіндіру жұмыстары жүргізілгді.

Зерделек және түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында Қазақстан Республикасында соңғы жылдары қоғамда құқықтық мәдениет пен құқықтық тәртіп деңгейі артуының оң үрдісі байқалатыны назарға алынды.

      Қазақстан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі элементі болып табылатын заңдылық пен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған реформаларды белсенді түрде жүргізуде.

      Мемлекет басшысы 02.09.2024 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында мынаны атап өтті: «Соңғы бес жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда».

      Мәселен, Конституциялық Соттың құрылуы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық мәртебенің берілуі, прокуратура органдарының рөлін күшейту маңызды оқиғалар болып табылады. Осы бағыттар бойынша азаматтар үшін бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және осындай бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жаңа мүмкіндіктерді айқындайтын Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» және «Прокуратура туралы» конституциялық заңдары қабылданды.

      01.01.2023 жылдан бастап Қазақстанда Конституциялық Сот өз жұмысын бастады, ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етеді. Барлық азаматтар, Бас Прокурор және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл конституциялық бақылау органына жүгіну құқығын алды.

      Осылайша, конституциялық реформа Қазақстан тарихындағы жаңа дәуірдің бастауы болды. Бұл соңғы үш жылдағы саяси өзгерістерді бекемдеуге және мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға берік негіз қалауға мүмкіндік берді.

      2023 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Ақпараттық доктринасының бекітілуі бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі болды. Бұл құжат еліміздің ақпараттық кеңістігінің орнықты жұмыс істеуін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жалған ақпаратқа және қоғамдық пікірді манипуляциялауға қарсы іс-қимылға бағытталған.

      Бұдан басқа, 2020 жылғы тамызда Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы қабылданды, оның мақсаты азаматтардың мемлекеттік істерді басқаруға белсенді қатысуы үшін қолайлы жағдай жасау және мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы әріптестікті нығайту болып табылады.

       Үкімет әлеуметтік жобалар мен гранттарды қаржыландыра отырып, азаматтарды құқықтық оқыту үшін үкіметтік емес ұйымдармен (бұдан әрі – ҮЕҰ) белсенді түрде ынтымақтастық жасайды. Жыл сайын негізінен құқықтық ағартуға бағытталған 2000-ға жуық әлеуметтік жоба іске асырылуда. ҮЕҰ реформалар мен ағарту жұмысын қолдай отырып, мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңестерге қатысады. Адам құқықтары және бала құқықтары жөніндегі уәкілдер азаматтар мен балалардың құқықтарын қорғау үшін ҮЕҰ-мен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Мұндай ынтымақтастық елімізде халықтың құқықтық сана-сезімін жақсартуға және құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.

      Қаулысының осы және басқа да ақпараты назарға салынып, Департамент қызметкерлерімен талқыланды.

06 августа 2026
Шымкент қаласының тұрғындары үшін дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша жаңа цифрлық сервистер қолжетімді болды

 

 

Шымкент қаласының тұрғындары үшін дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша жаңа цифрлық сервистер қолжетімді болды

 

Халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында Шымкент қаласында «СК-Фармация» ЖШС әзірлеген Telegram және WhatsApp платформаларындағы жаңа чат-боттар іске қосылды.

 

Цифрлық сервистер қала тұрғындарына дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша қажетті ақпаратты тәулік бойы онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді.

 

Чат-боттардың мүмкіндіктері:

дәрілік заттардың қолжетімділігін тексеру;

рецепт бойынша ақпарат алу;

тегін берілетін дәрілік заттардың тізімімен танысу;

Байланыс орталығына өтініш жолдау;

тәулік бойы (24/7) қызметті пайдалану;

ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде алу.

 

Жаңа цифрлық шешімдер дәрілік қамтамасыз ету жүйесінің ашықтығын арттыруға, қажетті ақпаратты алу уақытын қысқартуға және пациенттерге көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған.

 

Қызметті пайдалану үшін QR-кодты сканерлеу немесе Telegram және WhatsApp чат-боттарына өту жеткілікті.

 

Байланыс ақпараты:

 

📞 Байланыс орталығы – 1439

 

📧 E-mail: info@sk-pharmacy.kz

 

Telegram-бот: @cont_center1_bot

 

Шымкент қаласы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті тұрғындарды дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша жедел әрі қолжетімді ақпарат алу үшін жаңа цифрлық сервистерді белсенді пайдалануға шақырады.

29 июля 2026
««Фармакологиялық қадағалау» индикаторы бойынша ҚР ұлттық реттеуші жүйесінің жетілуінің 3-деңгейін растау жөніндегі ДДСҰ ұсынымдарын орындау»

Комитеттің 2025 жылғы 17 қазандағы кеңес хаттамасының 2.1-тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) «Фармакологиялық қадағалау» индикаторы бойынша Бенчмаркингінің жетілуінің 3-деңгейіне қол жеткізу жөніндегі жол картасын іске асыру және ҚР ДСМ Вице-министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы №188 хаттамасын орындау шеңберінде вакциналар қауіпсіздігін бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, «Damumed» ЖШС және қаланың медициналық ұйымдарының қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды: 1. Қолданыстағы ұлттық фармакологиялық қадағалау дерекқорын жетілдіру, деректерді талдау және қауіпсіздік сигналдарын анықтау мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ұлттық дерекқорды жаңарту қажеттілігі (ДДҰ-ның VL04.01 ұсынымына сәйкес); 2. Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді (ИКҚК) анықтау, тіркеу, бағалау және тергеп-тексеру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ барлық жағдайлар бойынша ақпараттың толық әрі уақтылы енгізілуін қамтамасыз ету (ДДҰ-ның VL04.01 ұсынымына сәйкес); 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы №69 бұйрығына өзгерістер енгізу шеңберінде ауыр иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тергеп-тексеруді бастау мерзімін 3 тәуліктен 48 сағатқа дейін қысқарту туралы талаптары; 4. «Damumed» медициналық ақпараттық жүйесінің «Сары карталар» модулі арқылы дәрілік препараттар мен вакциналарды қолданудан туындаған жағымсыз реакциялар туралы хабарламаларды міндетті түрде тіркеу, оларды Қазақстан Республикасының ұлттық фармакологиялық қадағалау дерекқорына (Vigilance/NRA порталы) белгіленген мерзімдерде жолдау тәртібі; Шымкент қаласының медициналық ұйымдарының арасында жауапты мамандарына жағымсыз реакциялар туралы хабарламаларды уақытылы және сапалы енгізудің, сондай-ақ фармакологиялық қадағалау талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. 

24 июля 2026
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы өзекті мәселелер.

         Бүгінгі күннің басты өзекті мәселелердің бірі - Шымкент қаласының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу субъектілері тарапынан халыққа дәрігердің рецепті негізінде өткізілетін дәрілік заттарды рецептісіз босату фактілері жиі кездесуде. ҚР ДСМ 02.10.2020 жылғы №ҚР ДСМ-112/2020 «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарымен бекітілген үлгілерге сәйкес дұрыс жазылған рецепт ұсынылған жағдайда дәрілік заттарды босату қажет екендігі баршаңызға мәлім, сонымен қоса, дәріханаларда дәрігердің рецепті негізінде өткізілетін дәрілік заттарды рецептісіз босату ҚР ДСМ 17.09.2020 жылғы №ҚР ДСМ-104/2020 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарын бұзу болып табылады және бұл заңбұзушылық үшін ҚР 05.07.2014 жылғы №235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚтК) 426-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

         Департамент медициналық және фармацевтикалық ұйымдар тарапынан қызметтерін атқару барысында ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнамаларының талаптарын орындау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

         Жоғарыда айтылып кеткен заңсыз медициналық қызметпен айналысқан жағдайда ҚР 05.07.2014 жылғы  № 235-VҚРЗ «Әкімшілік заңбұзушылық туралы» (бұдан әрі - ҚР ӘҚтК) Кодексінің 424-бабының 1-бөлігімен келесі келесі мөлшерде әкімшілік жауапкершілік көзделген: - «Қызметтiң осы түрiне арналған сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы –жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады».

          Міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу дәрілік заттардың айналымын ашық етеді және тұтынушыға сатып алынған дәрілік заттардың шынайылығы бойынша ақпаратқа қолжетімділік беретін, сондай-ақ өндірушіден пациентке дейінгі әр қаптаманың жеке есебін қамтамасыз ететін, контрафактілік және жалған өнім айналымынан қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

          ҚР дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау мәселелері ҚР ДСМ 27.01.2021 жылғы №ҚР ДСМ-11 «Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесінде қабылдау актілерін уақытылы қабылдау және айналымнан шығару қажет.

         Департамент тарапынан «дәріханалық нашақорлықтың» дамуын болдырмау мақсатында Шымкент қаласының Полиция депаратаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен бірлесіп біржылдық жоспар құрылған. Аталған жоспарға сәйкес келесі іс-шаралар орындалуда:

     - Шымкент қаласының фармацевтикалық қызмет субъектілері арасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, күшті әсер ететін препараттарды рецептсіз сатқаны үшін қауіптер мен жауапкершілік туралы профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру;

    - есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлар және күшті әсер ететін препараттарды заңсыз сату фактілерін анықтау және алдын алу бойынша жұмыстарын жүргізу;

    - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес құқық бұзушыларға қатысты шаралар қабылдау;

           Дәрігердің рецептімен босатылатын психотроптық заттарды тағайындаусыз қабылдап, құмарлыққа шалдығу сұрақтары Департамент тарапынан 29.10.2015 жылғы № 375-V ҚРЗ «Кәсіпкерлік Кодексіне» сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері негізінде ұйымдастырылатын жоспардан тыс тексеру немесе Шымкент қаласының Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен жолданған тапсырмаларды орындау мақсатында ҚР ӘҚтК 426 бабының 1 - бөлігімен және 426 бабының 3 – бөлігімен көзделген дәрілік заттарды өткізу қағидаларын бұзу фактісі негізінде айыппұл салуға алып келеді.

           ҚР ДСМ 23.12.2020 жылғы №ҚР ДСМ-320/2020 «Фармакологиялық қадағалауды және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес талаптардың қатаң түрде сақталуын қадағалау қажет. Сонымен қатар, №ҚР ДСМ-320/2020 Бұйрықтың 2 – тарау, 1 – параграфтың, 4,7 – тармақтарына сәйкес: -  «Дәрілік препаратты, соның ішінде вакциналарды қолданудың жағымсыз салдарлары туралы мәліметті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау субьектілері, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектілер, сондай-ақ дәрілік заттардың тіркеу куәлігін ұстаушылар дәрілік препараттың жағымсыз әсерлері туралы жеке хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) түрінде ұсынады»; ҚР аумағында анықталған жағдайларда хабарламаны ұсыну мерзімдері: «Елеулі жағымсыз реакциялар – жағдай басталған кезден бастап 48 сағат ішінде (медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдары үшін)»: - делінген талаптарын сақтау қажет және назарға алу қажет.

          Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» №ҚР ДСМ-15 бұйрығының 5 Қосымшасының 1-тармағына сәйкес, тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) (әрі қарай– GPP Стандарты) Қазақстан Республикасы халқына фармацевтика қызметкерлерімен көрсететін фармацевтикалық қызметінің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, GРP Стандарттың талаптарын және Қазақстан Республикасы халқына фармацевтикалық қызмет көрсетудің сапасын басқару жүйесін ұйымдастыруды анықтайды. GРP Стандарт халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, оларға дәрілік заттар туралы нақты ақпарат беруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурудың алдын алуға, рецептуралық дәрілік препараттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге, дәрілік препараттардың орын алған жағымсыз әсерлері туралы ақпаратты беруге және өзін өзі емдегенде көмек көрсетуге бағытталған.

         Шымкент қаласының бөлшек сауда саласындағы фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілеріне тиісті дәріханалық практика талаптарына сәйкестігі туралы сертификаты табысталды.

21 июля 2026
Шымкент қаласы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті «дерматокосметология» саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібіне қатысты келесіні хабарлайды.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде 20.07.2026 жылы Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы, №82 мекенжайында «Ашық есік күні» өткізілді. Шымкент қаласының медициналық және фармацевтикалық нарықта қызмет атқаратын азаматтар мен азаматшалардың өзекті мәселелері мен сұрақтарына, Департаменттің бөлімдерінің қызметкерлерінің тарапынан қанағаттанарлық, толық қанды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қажетті бұйрықтардың тізімі мен сілтемелері ұснылды.

20 июля 2026
2026 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласының стоматологиялық ұйымдарының басшылары мен өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

2026 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласының стоматологиялық ұйымдарының басшылары мен өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Кеңеске сондай-ақ Шымкент қаласының штаттан тыс бас стоматологы Нишанкулов Қайрат Әлібайұлы қатысты.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер қаралды. Денсаулық сақтау субъектілерінің лицензияны және лицензияға қосымшаларды алу кезінде медициналық цифрлық жүйенің (МЦЖ) міндетті түрде болуы, сондай-ақ медициналық қызметті жүзеге асыру барысында медициналық цифрлық жүйені міндетті түрде қолдану талаптарының қолданысқа енгізілуіне ерекше назар аударылды.

Медициналық цифрлық жүйені енгізу және пайдалану тәртібін түсіндіру мақсатында кеңеске DAMUMED компаниясының өкілдері шақырылды:

* Нианшикова Малика Тәжімұратқызы — DAMUMED компаниясының серіктестермен жұмыс жөніндегі бас маманы;
* Қаймашов Талғат Қайратұлы — Шымкент қаласы бойынша менеджер.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы