GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз отралығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
02 сентября 2026
Департамент қызметкерлерінің «Сарапшы пікірі» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысуы

Департамент қызметкерлері «Сарапшы пікірі» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысып, дәрілік заттардың өндіріс кезеңінен бастап тұтынушыға түпкілікті өткізуге дейінгі айналымына мемлекеттік бақылау туралы айтып берді. Сондай-ақ дәрілік заттардың өмірлік цикліне тиісті практика стандарттарының (GxP) ықпалына қатысты мәселелер де талқыланды

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
31 августа 2026
NAQTY ONIM — дәріні сатып алмас бұрын тексеріңіз!
📲 Қаптамадағы Data Matrix кодын сканерлеп, дәрі туралы:
✔️ өндіруші мен тіркеу деректерін;
✔️ таңбалау мәртебесін;
✔️ дәрінің заңды айналымда екенін;
✔️ белгіленген шекті бөлшек бағасын тексеруге болады.
🔎 Тексеріңіз. Салыстырыңыз. Құқығыңызды біліңіз!
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
19 августа 2026
Департамент рецепт бойынша босатылатын дәрілік заттарды өткізу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді
Маңызды талаптар:
🔷Дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік заттарды рецептісіз сатуға (босатуға) тыйым салынады.
(Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 233-бабының 5-тармағы).
🔷Дәрілік заттарға рецепт № 078/у нысаны бойынша қағаз немесе электрондық форматта жазылады.
(Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы).
Рецепт бойынша босатылатын дәрілік заттарды рецептісіз өткізу немесе босату Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Дәріханада дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік заттарды рецептісіз сату фактілері анықталған жағдайда, азаматтар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне (Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 9-шағын аудан, 23-ғимарат, 1-қабат) шағымдануға құқылы.
Азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай «eOtinish» платформасы арқылы өтінішті онлайн түрде немесе Департаменттің кеңсесіне тікелей тапсыруға болады.
Өтінішті қарау үшін құқық бұзушылық фактісін растайтын материалдарды қоса тіркеу ұсынылады. Дәлел ретінде фото және бейнематериалдар қабылданады. Бейнежазбада дәріхананың атауы, босатылған дәрілік зат және фискалдық чек анық көрінуі тиіс. Сондай-ақ дәріхананың нақты мекенжайы көрсетілуі қажет.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
19 августа 2026
Дәріхана ұйымдары өкілдеріне түсіндіру кеңесі өткізілді
2026 жылғы 12 тамызда Маңғыстау облысының дәріхана ұйымдары өкілдерінің қатысуымен дәрілік заттарды өткізу талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №120 бұйрығымен бекітілген «Адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін күшті әсер ететін заттардың тізбесіне» сәйкес, құрамында есірткі, психотроптық және күшті әсер ететін заттар бар дәрілік заттарды рецепт бойынша босату талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, келесі мәселелер қаралды:
🔸рецептілерді есепке алу және сақтау тәртібі;
🔸дәрілік заттарды рецепт бойынша босатуға қойылатын талаптар;
🔸дәрілік заттарды есепке алу және сақтау қағидалары;
🔸рецептуралық бланкілердің белгіленген нысандарын пайдалану және сақтау талаптары;
🔸дәрілік заттарды босату кезінде фармацевтикалық ұйымдар қызметкерлерінің міндеттері;
🔸қолданыстағы заңнама талаптарын бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік мәселелері.
Қатысушыларға дәріхана ұйымдарында тиісті дәріханалық практика (GPP) стандарттарын сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндірме берілді.✅
Түсіндіру кеңесінің негізгі мақсаты – дәріхана ұйымдарының қызметкерлеріне дәрілік заттарды босату кезінде заңнама талаптарын сақтау қажеттілігін жеткізу және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
📢Департамент дәріхана ұйымдарын дәрілік заттарды босату, есепке алу және сақтау кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету,саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау
11 августа 2026
Маңғыстауда ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелері бойынша республикалық штаб отырысы өтті
2026 жылғы 7 тамызда Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Ембергенұлы Рамазановтың төрағалығымен ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелеріне арналған көшпелі республикалық штаб отырысы өтті.
Жиынға Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, республикалық ғылыми орталықтардың жетекші мамандары, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшылары, медициналық ұйым директорлары және саланың жауапты мамандары қатысты.
Отырыс барысында өңірдегі ана мен бала денсаулығын сақтау қызметінің қазіргі ахуалы жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, акушерлік, гинекологиялық және неонатологиялық көмектің сапасы, жүкті әйелдер мен босанушыларға көрсетілетін реанимациялық және қарқынды терапия көмегінің ұйымдастырылуы, жаңа туған нәрестелерді күтіп-бағу, перинаталдық диагностика, антенаталдық бақылау және медициналық-генетикалық қызметтің тиімділігі қарастырылды.
Сонымен қатар балаларға медициналық көмекті ұйымдастыру, патронаж қызметінің жұмысы, ана мен балаға көмек көрсететін ұйымдардағы инфекциялық бақылау жүйесі, сондай-ақ жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілетін медициналық қызмет сапасына қатысты азаматтардың өтініштері бойынша жүргізілген талдау нәтижелері ұсынылды.
Республикалық ғылыми орталықтардың жетекші сарапшылары өңірдегі өзекті мәселелерге тоқталып, медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарын жеткізді. Кездесу барысында тәжірибе алмасып, қызмет көрсету мен жетілдірудің тиімді тетіктері талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Ембергенұлы Рамазанов өңірдегі ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін одан әрі жетілдіру, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берді.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
11 августа 2026
Қазақстанда 589 дәрілік препараттың бағасы төмендеді
Шілде айында еліміздегі дәріханаларда бақыланатын дәрілік заттардың төрттен біріне жуығының бағасы арзандады
Қазақстанда шілде айында 589 дәрілік препараттың бөлшек саудадағы бағасы төмендеді. Мониторинг елдің 20 өңіріндегі 2 555 атаудағы дәрілік затты қамтыды.
Бақыланған дәрілік заттардың шамамен жартысының – 1 267 препараттың бағасы өзгеріссіз қалды. Ал 147 препараттың бағасы 20%-дан астам төмендесе, тағы 198 препараттың бағасы 10–20%-ға, 244 атаудың бағасы 5–10%-ға арзандаған.
Бағасы төмендеген дәрілік заттардың қатарында инфекциялық ауруларды, жүрек-қан тамырлары ауруларын және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуде кеңінен қолданылатын препараттар бар.
Атап айтқанда, Зитмак®️ 250 мг №6 препаратының бағасы 24,25%-ға, Цефтриаксон 1 г – 22,03%-ға, Пантап®️ 20 мг №14 – 20,1%-ға* төмендеді. Сонымен қатар, *Лизиноприл-ЛФ 20 мг №10 – 14,7%-ға, Энап®️ 5 мг №10 – 13,27%-ға, Пульмикорт 0,25 мл – 11,09%-ға, Амоксиклав 875 мг/125 мг – 6,86%-ға арзандады.
Бағалар нақты уақыт режимінде бақыланады
Дәрілік заттардың нақты құны таңбалау және қадағалау жүйесі арқылы бақыланады. Бұл жүйе дәрілік препараттардың медициналық ұйымдар мен дәріханалардағы қозғалысы мен қолжетімділігін бақылауға, сондай-ақ нақты бағаларды мемлекет белгілеген шекті бағалармен салыстыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтің айтуынша, цифрлық құралдар фармацевтикалық нарықтағы өзгерістерді жедел анықтап, белгіленген шекті бағалардың асып кету жағдайларына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.
Тұтынушылар үшін қосымша тексеру құралы ретінде Naqty Onim мобильдік қосымшасы қолжетімді. Онда препараттың өндірушісі мен дистрибьюторы, сатылатын дәріхана, сондай-ақ белгіленген шекті бөлшек сауда бағасы туралы ақпаратты көруге болады.
Мемлекеттік баға реттеуі барынша нысаналы сипатқа ие болды
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу тәсілдерін қайта қарады. Енді негізгі басымдық әлеуметтік маңызы бар және халық арасында сұранысқа ие препараттарға берілген.
Тізбені өзектендіру нәтижесінде мемлекеттік баға реттеуі 3 039 рецепт арқылы босатылатын дәрілік препаратқа қолданылады. Ал 4 918 препарат, оның ішінде рецептсіз босатылатын дәрілік заттар және құны 1 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын рецепт арқылы босатылатын препараттар мемлекеттік баға реттеуінен шығарылды.
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл мемлекеттік бақылауды халық үшін ең маңызды дәрілік заттарға шоғырландыруға және сонымен қатар фармацевтикалық нарыққа түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Шекті бағалардың сақталуына бақылау жалғасуда. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында белгіленген шекті бағаларды асырудың 6 фактісі анықталып, олар бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құрады.
Дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс өндірушілермен, дистрибьюторлармен және дәріхана ұйымдарымен бірлесіп жалғасуда. Шілде айының соңында Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық нарық қатысушыларымен кеңес өткізіп, онда дәрілік заттарды жеткізудің тұрақтылығы және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері талқыланды.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
02 июля 2026
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын күшейтті

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын күшейтті

Талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығымен бекітілген.

2026 жылғы 12 шілдеден бастап меншік нысанына қарамастан барлық денсаулық сақтау субъектілері Ресурстарды басқару жүйесіне (РБЖ-2.0) және Ұлттық электрондық денсаулық паспортына интеграцияланған медициналық (зертханалық) цифрлық жүйені пайдалануы тиіс.

Қазіргі таңда елімізде Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сәйкес келетін 33 медициналық және 17 зертханалық цифрлық жүйе жеткізушісі тіркелген. Медициналық және зертханалық цифрлық жүйелерді жеткізушілердің тізімі Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/196758?lang=ru&ysclid=mq9eiki56f634161171.

РБЖ-2.0 жүйесіне қатысты техникалық қолдау мен сүйемелдеуді Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы жүзеге асырады. Өңірлерде субъектілер «С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК филиалдарына жүгіне алады.

Халыққа медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісінде мыналар болуы тиіс:

  1. Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келетін үй-жайлар.

Лицензияны (немесе оған қосымшаны) алғанға дейін субъект санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуы тиіс.

  1. Мамандар:

* тиісті мамандық бойынша маман сертификатының болуы;

* мәлімделген медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы бес жыл ішінде біліктілігін арттырған болуы.

  1. Өтініш берілген бейін бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартына сәйкес келетін медициналық жабдықтар, мүкәммал, жиһаз және өзге де қажетті құралдар.
  2. Денсаулық сақтау министрлігінде тіркелген жеткізушілер ұсынатын медициналық цифрлық жүйе.

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері лицензиар органдар болып табылады.

Лицензиар орган рұқсат беру бақылауы барысында (лицензия немесе оған қосымша берілгенге дейін) субъектінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді. Субъект барлық құжаттардың түпнұсқаларын, оның ішінде медициналық цифрлық жүйені жеткізушімен жасалған шартты ұсынуға және жүйенің жұмысқа қабілеттілігін көрсетуге тиіс.

Сонымен қатар, субъектінің медициналық цифрлық жүйемен қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау және біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру барысында да тексерілетін болады.

 

 

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
01 июля 2026
Департамент бактерияға қарсы препараттарды рецепт арқылы босату тәртібін қатаң сақтау қажеттігін еске салады
Қазақстан Республикасында антибиотиктерді рецепт арқылы босату талаптарына бақылау күшейтілуде. Бұл шаралар антибиотиктерді ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге, олардың бақылаусыз пайдаланылуының алдын алуға және антибиотиктерге төзімділіктің (антибиотикорезистенттіліктің) таралуын азайтуға бағытталған.
 
Естеріңізге саламыз, бактерияға қарсы препараттар дәрігердің рецептісі бойынша ғана босатылады. Оларды рецептісіз өткізу заңнама талаптарын бұзу болып табылады.
 
Рецепт арқылы босатылатын антибиотиктерді цифрлық платформалар, онлайн-сервистер және интернет-дәріханалар арқылы заңнама талаптарын сақтамай өткізуге жол берілмейді. Дәрілік заттарды тек тиісті лицензиясы бар дәріханалардан сатып алуды ұсынамыз.
 
Рецепт арқылы босатылатын препараттарды рецептісіз өткізгені үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Азаматтарға антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдап, оларды тек рецепт негізінде сатып алуға кеңес береміз.
 
Рецепт арқылы босату қағидаларын сақтау – халық денсаулығын қорғаудың және антибиотиктерге төзімділіктің алдын алудың маңызды кепілі.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
01 июля 2026
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті рецепт бойынша босатылатын дәрілік заттарды өткізу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді
Маңызды талаптар:
🔷Дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік заттарды рецептісіз сатуға (босатуға) тыйым салынады.
(Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 233-бабының 5-тармағы).
🔷Дәрілік заттарға рецепт № 078/у нысаны бойынша қағаз немесе электрондық форматта жазылады.
(Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы).
Рецепт бойынша босатылатын дәрілік заттарды рецептісіз өткізу немесе босату Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Дәріханада дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік заттарды рецептісіз сату фактілері анықталған жағдайда, азаматтар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне (Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 9-шағын аудан, 23-ғимарат, 1-қабат) шағымдануға құқылы.
Азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай «eOtinish» платформасы арқылы өтінішті онлайн түрде немесе Департаменттің кеңсесіне тікелей тапсыруға болады.
Өтінішті қарау үшін құқық бұзушылық фактісін растайтын материалдарды қоса тіркеу ұсынылады. Дәлел ретінде фото және бейнематериалдар қабылданады. Бейнежазбада дәріхананың атауы, босатылған дәрілік зат және фискалдық чек анық көрінуі тиіс. Сондай-ақ дәріхананың нақты мекенжайы көрсетілуі қажет.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
01 июля 2026
Ақтауда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ауқымды концерт өтті

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Ақтау қаласында Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен ауқымды концерттік бағдарлама өтті.

Іс-шара барысында Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сағындық Аяғановтың атынан есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытында белсенді еңбек етіп жүрген қоғам белсенділері мен кеңес мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы Д.Р. Кульмагамбетова Алғыс хатпен марапатталды.

Әріптесімізді марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы қызметіне сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы