GPP: жаңа стандарттар

Тиісті дәріхана практикасы саласындағы ұйымның негізгі мақсаты фармацевтикалық қызметкерлер халыққа көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету болып табылады.
GCP сертификаттары келесі дәріханаларға берілді:
- "Dafas" ЖШС мекен-жайы: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы аудан, Ермеков көшесі, №104/2 үй;
- "Формат.KZ" ЖШС Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы аудан, Мұқанов көшесі, №34 үй.
01.02.2025 ж Қарағанды облысында 483 жұмыс істеп тұрған дәріхана жұмыс істейді, оның ішінде GPP стандартының талаптарына 115 объект (GPP сертификатын ұстаушылар) сәйкес келеді, бұл жұмыс істеп тұрған дәріханалардың жалпы санының 24% құрайды.