Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2024 жылғы қызмет туралы есеп.

Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2024 жылғы қызмет туралы есеп.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы 23- бабы 6-тармағын орындау мақсатында және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін 2025 жылғы 17 қаңтар күні фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімімен көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау өткізілді. Сондай-ақ Департаменттің ресми сайтында фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет туралы есеп орналастырылған.