Тиісті дәріхана практикасын енгізу туралы

Тиісті дәріхана практикасын енгізу туралы

Biopharma дәріханалар желісі GPP тиісті дәріхана практикасын енгізуге кірісті. Бүгін Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары, 25 құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан "DAFAS" ЖШС дәріханасына GPP стандартының талаптарына сәйкестігіне бірінші сертификат берілді.
"Инспекция барысында көптеген қызықты жаңалықтар зерттелді және түсіндірілді. Біріншіден, инспекция тексеру емес екенін атап өткім келеді, бұл тек GPP стандартын енгізгенімізді растау. Қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмаймыз, біз әрдайым жетілдіруді жалғастырамыз және фармацевтикалық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жұмыс жасаймыз"- деді дәріхана ұйымының директоры Зинин Вадим және өз қызметкерлеріне атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.
МФБК Қарағанды облысы бойынша департаментінде әр бейсенбі сайын сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін консультативтік кабинет жұмыс істейтінін естеріңізге сала кетеміз.