Барлығы жаппай оқытуға!

Барлығы  жаппай оқытуға!

Дүйсенбі, 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде Департамент басшысының м.а. Наталья Нармағамбетованың басшылығымен құқықтық жаппай оқыту өтті.

 

Іс-шараға ҚР ДСМ  Қарағанды облысы бойынша департаментінің  барлық бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты. Отырыс барысында түрлі заңнамалық актілер бойынша 10 мәселе қаралды. Олардың ішінде, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы;100 нақты қадам-Ұлт жоспары (ҚР Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы): 12 қадам «Жаңа Әдеп кодексін әзірлеу, Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымын жүргізу»;ҚР Президентінің 2015 жылғы  29.12 №153 Жарлығымен бекітілген Кодекс.

 

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже; ҚР Президентінің 1.06.2017 жылғы № 487 Жарлығы - Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілді; «Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы» ҚР МҚІА Төрағасының м.а. 4.08.2017 жылғы №156 бұйрығы.Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидалары. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң (Салық кодексі).

Құқықтық жаппай оқыту нәтижелері бойынша МФБКД басшысының м. а. Наталья Нармағамбетовамен бөлім басшыларына іс-шарада қаралған мәселелерді Департамент мамандарының назарына дербес жауапкершілікпен жеткізу, сондай-ақ Департамент басшысының қызметін қамтамасыз ету туралы тапсырма берді:

1) Департамент бөлімдерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

2) Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын бұзуға жол бермеу;

3) Департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзуы, мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тартуы;

4) ӘРПК талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы қарау және БЖТ-да тексерулерді уақтылы тіркеуді қамтамасыз ете отырып, өтініштерді қарау нәтижелері бойынша шешімдерді уақтылы қабылдау, тексеру нәтижелерін енгізу, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа жататын заңнама нормалары бұзылған жағдайда ҚР ӘҚБК сәйкес заңнамада белгіленген мерзімдерде әкімшілік жауапкершілік шараларын қабылдау;

5) қызметтік міндеттерін орындау кезінде функционалдық-лауазымдық міндеттеріне сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарын мүлтіксіз сақтау;

6) атқарушылық және еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау.

 

МФБК Қарағанды облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі