Құрметті облыс тұрғындары!

Соңғы уақытта тіркелмеген және сертификаты жоқ дәрілік заттарды пайдалану жағдайларының өсуі байқалады.
Осындай дәрілік заттарды қолдану сіздің денсаулығыңызға ауыр зардаптар әкелуі мүмкін. Мемлекеттік тіркеуден және сараптамадан өткен препараттар ғана сапаға, қауіпсіздікке және тиімділікке кепілдік береді.
Ұсынамыз:
- Дәрілік заттарды тек фармацевтикалық лицензиясы бар субъектілерден сатып алыңыз.
- Сатып алу кезінде қаптаманың тұтастығына, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі таңбаланудың мен нұсқаулықтың болуына, жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.
-"Қолдан" дәрілік затты сатып алмаңыз, базарлар, интернет немесе мессенджерлер арқылы сатып алу-бұл сіздің денсаулығыңызға қауіпті болуы мүмкін.
2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасында барлық өндірілген дәрілік заттарға міндетті таңбалау енгізілді.
Data Matrix кодымен таңбалау — бұл өндірушісі, өндірілген елі, сериялық нөмірі және жалғандықтан қорғанысы туралы деректерді қамтитын арнайы екі өлшемді код.
Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы таңбаланған дәрілік заттың өндірушіден дәріханаға дейінгі жолын тексеріңізге болады —тек қана Data Matrix кодын сканерлеңіз.
Дәрілік заттың тіркелуін Сіз DariKZ мобильді қосымшасы арқылы немесе Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың ұлттық орталығының www.ndda.kz сайтынан (тіркеу нөмері, жарамдылық мерзімі, өндіруші, дәрілік формасы және нұсқаулық) тексере аласыз.
Naqty Onim и DariKZ мобильді қосымшалары App Store и Google Play-де тегін жүктеуге қол жетімді.
Дәрілік заттардың шығу заңдылығына күмәнданған кезде, сондай-ақ дәріханалар мен фармацевтикалық қызметтің басқа да объектілерінің жұмысында бұзушылықтар анықталған кезде Департаментке жүгіну қажет.
Өтінішті ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 63 бабы талаптарын сақтай отырып (объектінің мекенжайын көрсету және растайтын құжаттарды қоса беру қажет) www.egov.kz или www.eotinish.gov.kz порталдары арқылы, жазбаша түрде Қарағанды қаласы, Терешкова көшесі, 28/1 құр-ы, 2 т.е.ү.ж.
мекенжайы бойынша беруге болады.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз-тек қауіпсіз және заңды дәрілік заттарды таңдаңыз!