Қарағанды облысында бірқатар дәрілік заттар бағасының төмендеуі байқалды.
Қарағанды облысында бірқатар дәрілік заттар бағасының төмендеуі байқалды.
Департамент 2025 жылғы желтоқсаннан 2026 жылғы сәуірге дейінгі кезеңде жекелеген дәрілік заттардың бағасына салыстырмалы талдау жүргізді.
Мониторинг нәтижелері бойынша сұранысқа ие бірқатар препараттар бойынша бағаның төмендеуі анықталды. Атап айтқанда, осындай дәрілік заттардың құнының төмендеуі атап өтілді:
- Амоксиклав ®️ ️ - 40,47%
- Сиофор®️ 850-41,67%
- Амлодипин-Тева-30,63%
- Сумамед-22,87%
- Цифран-24,85%
- МИГ®️ 400-16,60%
Сондай-ақ азитромицин, Клавам, Курантил, Оспамокс®️ ДТ, Флуимуцил, Донормил, Артоксан, Ксарелто®️ және КосмоФер®️препараттары бойынша төмендеу тіркелді.
Жүргізіліп жатқан баға мониторингі фармацевтикалық нарықтың ашықтығын және халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Департамент өңірдегі дәрілік препараттардың баға жағдайын талдау бойынша жұмысты жалғастырады.