Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2023 жылғы қызмет туралы есеп

Жарияланған күні: 29 ақпан 2024
Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2023 жылғы қызмет туралы есеп


Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы 23- бабы 6-тармағын орындау мақсатында және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін 2024 жылғы 23 ақпан күні фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімімен ZOOM-конференция арқылы көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау өткізілді.Сондай-ақ Департаменттің ресми сайтында фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет туралы есеп орналастырылған.