ҚР ДСМ ДЗ және МИ мемлекеттік тізілімінде тіркелген диареяға қарсы препараттар
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ дәрілік заттардың бар болуы туралы ақпаратты I-teka мобилді қосымшасы немесе анықтама қызметтердің байланыс телефондары арқылы білуге болатынын хабарлайды:
- I-teka анықтамасы- 55-91-55; 87711031123 WhatsApp;
- Қарағанды қаласы дәріханаларының анықтамасы- 1333, 30-48-11, 8-707-173-96-75;
- «ФорматKZ» ЖШС, «Долголет» ЖШС жүйесі бойынша анықтама: 34- 99-99; 34-92-50; 34-93-33.
Егер дәріханада сізге қажетті препарат болмаған жағдайда фармацевт бірдей емдік әсері бар аналогтарды ұсынуы мүмкін.
Сондай-ақ, диарея симптомдары пайда болған кезде тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелген емханаға жүгінуді немесе дәрілік заттарды ұтымды және тиімді пайдалану үшін жедел медициналық көмек шақыруды ұсынамыз.
Ескере кететін жайт, кез-келген ауруды емдеумен дәрігердің кеңесі мен тағайындауынан кейін айналысу керек, диареяға қарсы дәрілік заттарды бақылаусыз қабылдаудың салдарынан ОЖЖ жұмысын басуы, есекжем, несеп шығару қиындауы, ішек өтімсіздігі дамуы мүмкін.
Инфографикада ҚР ДСМ ДЗ және МИ мемлекеттік тізілімінде тіркелген диареяға қарсы препараттар көрсетілген.
