Ең алдымен халыққа және мемлекетке қызмет ету!

Ең алдымен халыққа және мемлекетке қызмет ету!
Мемлекеттік қызметші-халық үшін және ел игілігі үшін қызмет ететін адам. Оның барлық әрекеттері мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретіндегі азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінде нағыз кәсіпқой, провизор-фармацияны ұйымдастырушы және мемлекеттік қызметші Асия Шмановна Молдиманова жұмыс істейді.
Асия Молдиманова Ақтөбе қаласы мен Астана қаласының дәріханалық және медициналық денсаулық сақтау мекемелерінің мемлекеттік жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты. Көп жылдық адал еңбегі, жоғары іскерлік және адами қасиеттері үшін ол әріптестері арасында үлкен құрметке ие болды.
А. Молдиманова мемлекеттік қызметте 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Осы кезеңде ол қазіргі уақытта медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде қызмет атқарып жүрген бірнеше ондаған жас мамандарды тәрбиеледі.
Асия Шманқызы "AQNIET" денсаулық сақтау қызметкерлерінің алғашқы кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары болып сайланды. Департаментте кәсіподақ қозғалысының бірлігі мен ынтымақтастығын дамытуға және нығайтуға өзінің жеке үлесін қосып келеді, кәсіподақтың қоғамдық өміріне белсенді қатысады, түрлі спорттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастырады, сондай-ақ МФБКД кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік және заңнамалық құқықтарын қорғауға бағытталған Департаменттің ұжымдық шартын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстарды жүргізеді.
А.Молдиманова өзінің кәсіби қызметі барысында Комитет, Министрлік, сондай-ақ "AQNIET"кәсіподақ тарапынан бірқатар марапаттарға ие. Асия Шмановна біздің мемлекетіміздің жекелеген салаларын дамытудағы адамның рөлі қаншалықты маңызды екендігінің анық мысалы.