Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне
нөлдік төзімділік

Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік мекемелерінде - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі тәсілді, кешенді және жедел қарсы іс-қимылды талап ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы болып табылып, тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі :
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ұйымдастыру және алдын алу бойынша;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын нығайту бойынша;
- әрбір қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін жауапкершілігі туралы;
- әрбір қызметкердің лауазымдық нұсқаулықтарында жеке жауапкершілік туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау қажеттілігі туралы көрсетілген;
- электрондық құжат айналымы жүйесі енгізілді, яғни негізгі құжаттама ЭҚАБЖ, МОИП, Е-лицензиялау жүйесі бойынша келіп түседі;
- мемлекеттік қызметтер "Е-лицензиялау" веб-порталы арқылы электрондық форматта көрсетіледі;
- көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы күнделікті мониторингі жүргізіледі;
- сайтқа келіп түсетін жеке тұлғалардың өтініштері күн сайын қаралады;
- жыл сайын департамент мамандары табыс туралы декларация тапсырады;
- Мемлекеттік қызметке бос әкімшілік лауазымдарға орналасу тек байқаушылардың қатысуымен конкурстық негізде жүргізіледі;
- Мемлекеттік қызметке кіру кезінде мемлекеттік қызметшілер шектеулер туралы міндеттемелер қабылдайды;
- Департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында туыстары мен жекжаттарының бірге қызмет ету фактілері анықталған жоқ;
- егер мүдделер қақтығысы орын алған немесе оның туындау мүмкіндігі қаупі бар болса, Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады, туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы тікелей басшыны не Департамент басшылығын жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
Тікелей басшы, не Департаменттің басшылығы ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдауға міндетті:
1) мүдделер қақтығысы соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша оларды лауазымдық міндеттерін атқарудан шеттетуге және лауазымдық міндеттерін атқаруды басқа адамға тапсыруға құқығы бар;
2) лауазымдық міндеттерді өзгерту;
3) мүдделер қақтығысын жою жөніндегі өзге де шараларды қабылдауға міндетті.
Департамент басшылығы күн сайын мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысы мәселелері бойынша азаматтарды қабылдайды.
Департаментпен өткізілетін барлық іс-шаралар сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған.

Департаменттің бас маманы М. Базылбекова