Медициналық қызметке лицензияны қалай онлайн алуға болады?

Дата публикации: 09 ноября 2023

Медициналық қызметке лицензия алу үшін e.license веб-сайтына кіріңіз және авторизация жасаңыз.

Негізгі бетте денсаулық сақтау санатын таңдаңыз, одан кейін «Медициналық қызмет» бөлімін басыңыз.

Бұл бетте медициналық қызметтің қажетті кіші түрін таңдап, «Келесі» түймесін басыңыз.

Лицензия жеке немесе заңды тұлғаларға беріледі.

Қызметтің құны-10 АЕК, жеке немесе заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша МКБ-да. 105402-БСК, 911-ТБК. Қызмет көрсету мерзімі - 13 жұмыс күні.

Сол бетте құжаттар тізімімен танысыңыз. Әрі қарай, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз.

Осы терезеде Астана қаласын таңдаңыз.

Келесі бетте қазақ және орыс тілдеріндегі барлық жолақтарды толтырып,"Келесі" түймесін басыңыз.

Содан кейін Сіз толтырылған деректерді тексере аласыз. Одан әрі барлық өрістерді толтырып, «Келесі» түймесін басу қажет.

Құжаттарға сәйкес барлық мәліметтерді, сондай-ақ медициналық жабдықтар мен медицина қызметкерлері туралы мәліметтерді толтырыңыз.

Енгізілген деректерді сақтаңыз.