GPP

GPP

«Семей Саулық» ЖШС дәріханалар ұжымын GPP сертификаттарын алуымен құттықтаймыз!

Жүргізілген инспекциялардың нәтижелері бойынша "Семей Саулық" ЖШС-нің мына мекен-жайда орналасқан: Абай облысы, Семей қаласы, Найманбаев көшесі 211, Мұхамедханов көшесі 33, 1 шағынауданы 2/2, Уранхаев көшесі 11, Уранхаев көшесі 59, 40 квартал 1-46, Титов көшесі 146, Әуезов даңғылы 5, 72 квартал 21-2, Әуезов даңғылы 40  10 дәріханаға «Тиісті фармацевтикалық практиканы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 04 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген Тиісті дәріханалық практика стандартына (GPP) сәйкестікке сертификаттар берілді.

 - 06.03.2025 жылғы жағдай бойынша Абай облысында 272  дәріхана жұмыс істейді, оның ішінде GРP стандартының талаптарына 46 объект (GPP сертификатын ұстаушылар) сәйкес келеді, бұл жұмыс істеп тұрған дәріханалардың жалпы санының 17% -. құрайды.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне 233-баптың 3-тармағына сәйкес-дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектілер тиісті дәріхана практикасының (GRP) талаптарын сақтауға міндетті, дәріханалар үшін 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тиісті дәріханалық практика стандартын (GPP) енгізудің барлық мәселелері бойынша Абай облысы бойынша келесі мекенжайға хабарласуыңызға болады:Семей қаласы, Академик Павлов көшесі 60,тел. 8-708-467-16-80 .