«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Абай облысы бойынша Департаменті» (әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2025 жылғы 3 қазандағы № 447-НҚ «Грасулан, модификацияланып босап шығатын капсулалар, 0,4 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» бұйрығына сәйкес:
- «Грасулан, модификацияланып босап шығатын капсулалар, 0,4 мг», ҚР-ДЗ-5№122089 тіркеу куәлігін ұстаушы «Гранд Медикал Групп АГ», Швейцария дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылды.
Негіздеме: Қазақстан Республикасындағы «Гранд Медикал Групп АГ» өкілдігінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі №24 хаты.